Четверг, 28 ноября, 2024
No menu items!

«Jas kasipker-2019» байқауы қорытындыланды

Басқа ақпараттар

27 қарашада Нұр-Сұлтан қаласы, Астана гуманитарлық колледжінде » Jas kasipker -2019″ байқауының марапаттауы өтті. » Jas kasipker» байқауы «Жігер.Абырой. Сана» қоғамдық қоры ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен ұсынылған КЕАҚ грантының аясында ұйымдастырылған жоба.

Үздік 7 қатысушы:
1) Жәнібек Жұманәліұлы- Арыс қаласы. 27 жаста . «PrintArys» компьютерлік қызмет көрсету орталығы
2) Сара Сахынбек – Нұр-Сұлтан қаласы, 18 жаста. « Joy Flowers» гүлдер дүкенінің иесі.
3) Жолдыбай Нахов-Нұр-Сұлтан қаласы, 21 жаста. «Jolly Waffle» балмұздақтар желісінің иесі
4) Абылай Бекқажы- Алматы қаласы, 22 жаста. «Pixel Print» компьютерлік қызмет көрсету орталығы
5) Бейбарыс Исахов-Нұр-Сұлтан қаласы, 25 жаста. «Barbershop_family» салонының иесі
6) Әліби Басаров- Қызылорда қаласы, 29 жаста. «Jaidarman Academy» орталығының иесі
7) Арайлым Сапарәлі-Нұр-Сұлтан қаласы, 25 жаста. « Online» интернет – дүкенінің иесі .

Қазылар алқасының шешімімен , 18  жасар  Сара Сахынбек «Jas kasipker-2019»  байқауының жеңімпазы   атанды. Бас жүлде  иегеріне ДРОН DJI spark alpine white , үздік  6  кәсіпкерге  смарт сағаттар  сыйлыққа беріліп, мақтау  қағаздарымен марапатталды.

Шара барысында кәсіпкерлер өз жобаларына шағын таныстырылым жасады. Астана гуманитарлық колледжі студенттерінің сұрақтарына жауап беріп ,ой алмасты.

 

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

Kazakhstan Global Investment Roundtable: Қазақстан әлемдік БАҚ назарында

Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Kazakhstan Global Investment Roundtable аясында ұйымдастырылған іс-шарада шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесті. Бұл туралы...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img