Шығыс Қазақстан облысында «Білікті маман» жобасы аясында студенттерге 450 грант бөлінді.
Облыс әкімдігінде өткен жиналыс барысында «Білікті маман» жобасы бойынша білім гранттарын бөлу мәселесі талқыланды.
«Биыл жергілікті бюджет есебінен 450 грант бөлінді. Оның 222-сі техникалық мамандықтарға берілген. Сонымен қатар Білім басқармасы, Кәсіпкерлер палатасы және жергілікті кәсіпорындармен бірлесіп, бірқатар жұмыс жүргізілді. Атап айтқанда, 2026 жылға дейін бізге 7 мыңға жуық маман дайындау керектігі анықталды. Олардың барлығы жұмыспен қамтылады», — деді аймақ басшысы Даниал Ахметов.
Сондай-ақ жоба аясында студенттерді медициналық және педагогикалық мамандықтар бойынша оқытуға гранттар бөлінбек.
«Биыл 25 студентті ветеринария және мал шаруашылығы бағыты бойынша оқытатын боламыз. Облыста бұл мамандар жетіспейді. Жалпы бүгінде жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне қомақты қаржы жұмылдырылуда. Нәтижесінде, факультеттер, ғылыми зертханалар, құзыреттілік орталықтары ашылып, жатақханалар салынуда. «Білікті маман» жобасын ары қарай жалғастыратын боламыз. Келесі жылы грант санын 50-ге көбейтеміз», — деді ШҚО әкімі.