Бұл сайыс бұрыңғы сайыстан өзгерек

1925

Бұл сайыс бұрыңғы сайыстан өзгерек. Себеп – ойын тәжірибелі жайдарманшылар емес, шығармашыл жастар арасында өткізілді. Аталмыш сайыста өнер көрсетуге ынталы жастардың саны артуына осы ойын да дәлел болса керек.

Талсуат ауылдық округінде Қызылорда қаласына қарасты кент және ауылдық округтердегі жастар арасында өткізілген сайыс жоғары деңгейде өтті. Айта кетейік, жайдарман сайыстары мамыр айының ортасына дейін барлық кент және ауылдық округтерде өткізіліп, үздік деп танылған командалар арнайы қала әкімінің жүлдесіне арналған жайдарман фестиваліне тікелей жолдама алады деп жоспарлануда.


Сонымен, сайыстарға қолдау бірген Қызылорда қалалық Ішкі Саясат Бөлімі және Талсуат Ауылдық Округіне «Кызылорда Жайдарман» орталығы атынан алғыс білдіріледі.

Сайыс қорытындысы бойынша 3-орынға «Қызылөзек құрамасы», 2-орынға «Қызылжарма жастары» лайық деп танылса, 1-орынды «Талсуат қырандары» иеленді.