Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің жарлығы бойынша елде 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап некеге тұратын адамдарға молекулярлық-генетикалық тестілеу енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тестілеу ерлі-зайыптылардың қаражаты есебінен Республикалық халықтың репродуктивті денсаулығы орталығында және оның өңірлік бөлімшелерінде өткізіледі.
«Республикада туыстар арасындағы неке жиі болады, сондықтан алдын ала геномдық диагностика ерлі-зайыптылардың үйлесімділігін және олардың одағы болашақ ұрпақтың денсаулығына қалай әсер ететінін анықтай алады», — делінген хабарламада.
Өзбекстан басшысы 1 шілдеге дейін некеге тұратын адамдарды молекулалық-генетикалық тексеруден өткізу тәртібін, сондай-ақ молекулярлық-генетикалық диагностика үшін жүкті әйелдерден алынған биоматериалға зертханалық сараптама жүргізуді көздейтін заң жобасын әзірлеуді тапсырды.