Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясы өтті. Онда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі болып жатқан өзгерістерге жастардың да белсене қатысуы қажеттігін атап өтті.
«Ассамблея Ұлттық құрылтаймен бірлесіп, тиімді жұмыс істеуі керек. Себебі, түптеп келгенде, екеуінің мақсаты – ортақ. Ауқымды өзгерістерге жастардың да белсене қатысқаны абзал. Кеше тұңғыш рет Қазақстан халқы Ассамблеясының Жастар сессиясы өтті. Оның ұсынымдарын мұқият зерделеу қажет», деді Президент.