Алматыда полицейлер жалғыз тұратын 81 жастағы зейнеткерге қатысты ауыр қылмыстың жолын кесті. Қарт кісінің жоғалып кеткені туралы полицияға оның танысы хабарлаған, деп хабарлайды Jas.kz.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп сақшылары жедел іздестіру жұмыстарын жүргізіп, зейнеткерді қала маңындағы елді мекендердің біріндегі тұрғын үйден тапқан.
Тергеу барысында күдіктілердің қарт адамның сеніміне кіріп, оның дәрменсіз жағдайын пайдаланғаны анықталды. Олар зейнеткерді еркінен тыс ұстап, жылжымайтын мүлкін өзге адамның атына рәсімдеуге көндірмек болған.
Аталған факті бойынша адам ұрлау бабымен қылмыстық іс қозғалды. Күдікке ілінген екі ер адам мен бір әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
