Пятница, 18 октября, 2024
No menu items!

Автожолдың жөнделуі туризмге тың серпін береді

Басқа ақпараттар

«Талдықорған – Өскемен» автокөлік жолының жөндеу жұмыстары таяу уақытта басталатын болады. Бұл өз кезегінде Алакөл көлі жағалауында туризмді дамытуға үлкен септігін тигізбек.

Ұлттық экономика министрлігінің мәліметі бойынша, «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында автожол саласын дамыту бағытында 17 жоба жүзеге асырылуда. Соның ішіне 312 шақырымдық «Талдықорған — Өскемен» және ұзындығы 184 шақырым болатын «Үшарал-Достық» автожолдары да енгізіліп отыр.

Қазіргі кезде аталмыш автомобиль жолдарын жөндеудің жобалық-сметалық құжаттары дайындалып, зерттеу (изыскательный) жұмыстары жүргізілуде.

Алакөл туризмі үшін инфрақұрылымды дамыту аса маңызды. Бұл істі Елбасының тапсырмасына сәйкес облыс әкімі Амандық Баталов ерекше назарға алып келеді. Мәселен, бұған дейін 2015 жылдан бастап «Жетіген-Достық-Жетіген» темір жол байланысы мемлекет тарапынан субсидиялау негізінде қолға алынса, биылғы жылғы шілденің 21-нен Астана мен Талдықорғаннан Үшаралға әуе қатынасы ашылған болатын. Енді оған қоса Талдықорған мен Үшаралдың арасындағы автомобиль жолы жөнделсе, туризм үшін үлкен мүмкіндік болмақ. 

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

2024 жылғы 7-13 қазан күндері өтетін жарыстар аңдатпасы

Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі ин ұсынды. 🔹 7-13 қазан – Үстел теннисінен XXVII Азия чемпионаты Астанада алғаш рет үстел теннисінен...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img