25-26 қыркүйекте Жайдарман ойындары республикалық А лигасы ойындарының жартылай финалы өтті. Финалда осыған дейін үздік шыққан 10 команда өнер көрсетті. Ойын өнер ордасына айналған Алматы қаласында, Алатау дәстүрлі өнер театрында болды.
Қазақстанның түрлі өңірінен келген командалар екі күн бойы сынға түсті. Көрерменге көп көңілінен шығатын әдемі ойын өрнегін көрсетіп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Қазылар алқасының құрамында танымал əзілкештер, ардагер жайдарманшылар болды.
Өзара бақ сынасқан топтардың арасынан үздік шыққандар финалға жолдама алды. Бірінші күні қазылар алқасының шешімімен «Бақтияр Тайлақбаев», «Байланыс жігіттері» , екінші күні «Маңғыстау», «Томирис», «ПМПУ» командалары финалға шықты. Сонымен қатар, резервпен Голд командасы өтті.
Енді осы командалар финалда шаршы топқа түсетін болады. Олар ақтық сынға дайындықты бастап та кетті.