Мұғалім тапшылығы бар өңірлерге баратын ұстаздардың жалақысы екі есе өседі. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.

Оның айтуынша, республикалық бюджеттен қомақты қаражат бөлінеді. Сонымен қатар мұғалімдер барған жерінде баспанамен қамтамасыз етіледі. Коммуналдық шығындар да өтеледі. Қазір Атырау, Маңғыстау, Түркістан мен Алматы облыстарында мұғалім жетіспейді.

«Көбісі бір мың мектепті қалай саламыз деп уайымдайды. Мен ол мәселені де уайымдаймын. Бірақ осы мектептерде білім беретін мамандарды қалай даярлаймыз деп ойлаймын. Өйткені осы мектептерде жұмыс істеу үшін 100 мыңнан астам маман қажет болады», дейді министр.