«Қазгидромет» РМК синоптиктері 31 наурызға, сондай-ақ 1 және 2 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Болжам бойынша, еліміздің солтүстік аймақтарына Батыс антициклоны келеді. Антициклон әсерінен республиканың шеткі батыс және солтүстік өңірлерін қоспағанда, басқа өңірлерде жауын-шашын тоқтайды.

«Сондай-ақ, антициклон еліміздің барлық аумағында ауа температурасының көтерілуіне әсер етеді, бұл қазақстандықтарға нағыз көктемді сезінуге мүмкіндік береді.

 

Күндіз батыста термометрлер +10 +20 градусқа дейін, солтүстік пен шығыста +5 +13 градусқа дейін, ал оңтүстікте +15 +23 градусқа дейін жетеді», – делінген хабарламада.