Воскресенье, 8 сентября, 2024
No menu items!

«Көкбастауда» бәйге өтті

Басқа ақпараттар

Алматы облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен Алматы облысы Жамбыл ауданы «Көкбастау» атшабарында Конституция күніне және Халықаралық мамандандырылған «Астана ЭКСПО — 2017» көрмесіне орай ҚР Президентінің жүлдесі үшін ұлттық ат спорты түрлерінен жарыстар өтті. Дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан осынау шара Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында айтылған негізгі идеяны жүзеге асырудың бірден-бір жарқын көрінісі болды.

Жарысқа еліміздің түкпір-түпкірінен және көрші мемлекеттерден жалпы саны 200-ден астам сүйгүлік қатыстырылды. Көрермендерді қиқулатып, қошеметіне бөлеген тартысқа толы бәйгеде жеке дара топ жарып шығар жүйрікті соңғы айналымға дейін білу мүмкін болмады.

Нәтижесінде, тай жарысында:

1 орынға Жамбыл ауданының атынан топқа түскен «Көңілашар» жүйрігі келді. Жеңімпазға 200 000 тг қаржылай сыйлық табысталды. 2 орынды Қарасай ауданының намысын қорғаған «Айшық» атты жүйрігі иеленді. Оған 150 000 тг табысталды. 3 болып келген Жамбыл облысының «Арабелла» атты жүйрігі иесіне 100 000 теңгенің сыйақысын алуына мүмкіндік туғызды.

Топ бәйгеде:

1 орынды Қырғызстан Республикасынан жеткізіліп, топқа қосылған «Байторы» атты сәйгүлік иеленді. Жеңімпазға Нива автокөлігінің кілті табысталды. 2 орынды иеленген Қарасай ауданының «Қозыкүрең» атты жүйрігінің иесі Лада Гранта автокөлігінің кілтіне ие болды. 3-ші болып Қырғызстанның «Қарақұсы» келіп, 150 000 теңгені жеңіп алды.

11 шақырымдық құнан бәйгеде:

1 орын — «Витязь», Жамбыл облысы, Лада Гранта көлігі;

2 орын — «Айару», Алматы қаласы, 150 000 тг;

3 орын — «Томирис», Жамбыл ауданы, 120 000 тг.

9 шақырымдық жорға жарысында:

1 орын — «Элегант», Шығыс Қазақстан облысы, Лада Гранта автокөлігі;

2 орын — «Жойқын», Жамбыл ауданы, 150 000 тг;

3 орын — «Патрол», Райымбек ауданы, 120 000 тг.

Ал жарыстың төресі саналатын Аламан бәйгеде 1 орын Қарасай ауданының «Ақтабан» атты жүйрігіне бұйырды. Жеңімпазға УАЗ Патриот автокөлігінің кілті табысталды. 2 орынға Оңтүстік Қазақстан облысының «Керідауыл» сәйгүлігі жайғасты. Иесіне Нива автокөлігінің кілті сыйға берілді. Сондай-ақ үшінші орынға Лада Гранта, төртінші және бесінші орындарға қаржылай сыйлықтар табысталды.

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

Этникалық қазақ балаларына арналған Jas Qazaq» жазғы-этно лагерінің ашылды

25 маусым күні этникалық қазақ балаларына арналған Jas Qazaq» жазғы-этно лагерінің ашылу өтті. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне қарасты «Отандастар...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img