Пятница, 27 декабря, 2024
No menu items!

Балаларды қуанышқа бөледі

Басқа ақпараттар

Алматы облыс орта­лығы тағы бір балабақ­шамен толықты. «Бамбини» атауы­мен бала бақытын арт­тырған мекемеге  Талдықорған қала­сының әкімі Бағдат ҚАРАСАЕВ арнайы келіп, жаңа ғимарат­тың тұсауын кесті.

Шевченко көшесінің бойы­нан орын тепкен жаңа ғимараттың ауданы 1000 шар­шы метрді қамтиды. Сәулетті нысан мемлекеттік және же­ке­меншік әріптестік аясында бой көтерген. Бүлдіршіндер мен ата-аналарды қуанышқа бөлеген салтанатты шараға арнайы келген Бағдат Қара­саев кәсібінің нәсібін көрген балабақша меңгерушісі Зуль­фия Валишановаға алғысын жеткізді. Жас та болса үлгілі ісімен таныла білген Зульфия Русланқызының бұл қадамы расымен де көңіл шаттан­дырады. Ол  2015 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлт­тық университетінің «Мемле­кеттік және жергілікті бас­қару» мамандығын бітіріп, 2017 жы­лы  І. Жансүгіров атындағы ЖМУ магис­тратурасын аяқта­ған. Үлкен жүрегімен кішкен­тайлардың көңіліне нұр себуге асық бол­ған батыл қыздың қадамына жұртшылық та сүй­сіне қарай­ды.

Қала әкімі бүл­дір­шіндерге деген ақ ниетін жеткізіп, бала­бақшаның лента­сын қиды. Кең де көрікті ғима­раттың ішін аралап, балалар­дың өнеріне қанық болды. Қос қабатты ғимарат бүлдіршін­дерді тәр­бие­леп, ой-өрісінің өсуіне ықпал етпек. Арнайы оқулық­тар мен ойыншықтар алынып, заманға сай құралдар­мен жаб­дықталған.  Балабақша бүл­діршіндерге тек тәрбие беріп қана қоймай олардың спортпен айналысуына да сеп­тігін тигіз­бек. Бүлдіршіндер үшін білік­тілігі жоғары 33 маман жұ­мыс­қа қабылданып, орта есеп­пен 50000 теңге кө­ле­мінде айлық белгіленген. Мектепке дейінгі мекемеде оқы­ту қазақ және орыс тілінде жүргізіледі. 125 бала  5 топқа бөлініп білім алмақ. Періште­лерді  қуантқан сәттің  сауабы да үлкен бола­ты­нын айтқан Зульфия Руслан­қызы  мекеме­де  медициналық бөлім, ас даяр­лау орны,  кір жуатын бөлме,  5  ойын, 1 дене шынық­тыру алаңы, 10 көлікке ар­нал­ған автотұрақ барын да тілге тиек етіп өтті.

Айта кетерлігі, бүгінде об­лыс орталығында 60 мектепке дейінгі мекеме жұмысын жал­ғастырып келеді.  Оның 16-сы мемлекеттік, 36-сы жеке­мен­шік, 8-і мектеп жанынан ашыл­ған шағын орталықтар. Мек­тепке дейінгі мекемелерде 7648 бала бар. Бүгінгі күні 3-6 жас аралығындағы балаларды бала­­бақшамен қамту пайызы – 92,5. Қала бойынша 9350 бала балабақша кезегінде тұр. Бірақ араға ұзақ уақыт салмай, бұл мәселенің де толық шеші­ле­ті­ніне «Бамбини» секілді бала­бақ­шалардың ашылуы дәлел.

Балалардың дайындаған кон­церттік бағдарламасын көрген Бағдат Әбілмәжінұлы кішкен­тайларға сәттілік тілеп, ойын­шықтар үлестіріп, бала­бақ­шаға қаржылай сыйлық табыстады.

Соңғы жарияланымдар

Черчесов қызметінен кетеді

Футболдан Қазақстан 🇰🇿 ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов жаңа президенттің шешімімен қызметтен кететін болыпты. Орнына 2 қазақстандық және 2...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз