Воскресенье, 8 сентября, 2024
No menu items!

«Талдықорған қаласының құрметті азаматы» атағы берілді

Басқа ақпараттар

Талдықорғандықтар сән-салтанатпен қала күнін тойлап жатыр. 172 мыңға жуықтаған шаһар тұрғындарын Алматы облысының әкімі Амандық Баталов құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Бүгінде Талдықорған  қарыштап дамып келе жатқан қала. Соңғы сегіз айда өнеркәсіп өнімінің көлемі 43,3 млрд теңгеге жетті. Қала экономикасына 29,8 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды. Облыс орталығында  құрылыс қарқынды. Биылдың өзінде «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 168 пәтерлік коммуналдық 64 пәтерлік несиелік үй пайдалануға  берілді. Бұл жөнінде облыс әкімі өзінің құттықтауында атап өтті.

Игі дәстүр бойынша  қаланың өсіп-өркендеуіне үлес қосқан, белсенді азаматтарға «Талдықорған қаласының құрметті азаматы» атағы берілді. Олардың қатарында Қазақ киносының алтын қорынан орын алған «Тақиялы періште» фильміндегі Тайлақтың рөлін сомдаған актер, ҚР Мәдениет қайраткері, Алматы облысының құрметті азаматы Әлімғазы Смағұлұлы Райымбеков, «K LACTIS LTD» ЖШС басшысы, қалалық мәслихат депутаты Бақыт Ерғазыұлы  Арқабаев, «Жетісу» облыстық телеарнасының директоры, халықтың сүйікті хабарына айналған  «Айтуға оңай» бағдарламасының жүргізушісі Бейсен Абайұлы Құранбек және  Рио Олимпиадасының жүлдегері, ауыр атлет Карина Горичева да бар.

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

Этникалық қазақ балаларына арналған Jas Qazaq» жазғы-этно лагерінің ашылды

25 маусым күні этникалық қазақ балаларына арналған Jas Qazaq» жазғы-этно лагерінің ашылу өтті. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне қарасты «Отандастар...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img