Спортшылар мен шоубиз өкілдері арасында футболдан шоу-матч өтті

205

30 қаңтар күні «Астана Аренада» футболдан ерекше шоу-матч өтті. Онда Қазақстанның екінші лиганың «SD Family» клубы  халықаралық КВН жоғары лигасының чемпиондары «Спартаға»  қарсы ойнады.

Бұл туралы «Спорт Шредингера» телеграм-каналы хабарлады.

Командалар құрамында спорт және шоу-бизнес жұлдыздары да қатысты. Боксшылар Данияр Елеусінов пен Әділбек Ниязымбетов, хоккейші Никита Михайлис, блогерлер Территима және Ерболат Жаңабылов (гол), «Ирина Кайратовнадан» Алдияр Жапарханов және Илья Гуменный, актер Мүсілім Тәуекел (гол) және басқалар ойнады. Ал Нұрбол Жұмасқалиев гол соғып, бабынан таймағанын көрсетсе, Давид Лория бұл жолы алаңдағы ойыншы рөлінде ойнап, гол да салды.

Ойын қорытындысы бойынша «SD Family» 5:2 есебімен жеңіске жетті. Айтпақшы олардың жаттықтырушысы «қазақ Моуриньосы» Ибадулла Мендыхан болды. Телеграмм-арна атап өткендей, жиналған барлық қаражат қайырымдылыққа беріледі.