Воскресенье, 8 сентября, 2024
No menu items!

Тәуелсіздік жылдарындағы Алматы облысы туралы деректі фильм түсірілді

Басқа ақпараттар

«Тәуелсіздік жылдарындағы Алматы облысының қалыптасуы» фильмі Қазақстанның 25 жылдығына арналған. Фильмнің тұсаукесері Талдықорған қаласындағы І.Жансүгіров атындағы мәдениет үйінде өтті.

Аталмыш фильм Алматы облысының экономикалық жағдайын көрсету, тәуелсіздік жылдары сыртқы нарықтың хал-ахуалы, жергілікті кәсіпкерлердің бизнес-жобалары, облыстың инвестициялық тартымдылығын деректі фильміндегі кейіпкерлердің тағдырымен байланыстырып түсірілген. Бұл туралы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында белгілі болды.

Фильм жергілікті тарихшылардың сұхбатынан, Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағатынан және танымал тұлғалардың сөздерінен алынған. Аталмыш фильмді 3 ай көлемінде түсірген. Түсірушілердің айтуынша операторлық кемшіліктің кесірінен, кейбір сюжеттерді қайта түсіруге тура келген. Алайда, берілген уақыт ішінде түсірілім аяқталған.

«Кино түсіру оңай шаруа емес. Оған уақыт пен қаражат керек. Деректі фильм болғандықтан, оған актерлер емес, қарапайым адамдар түскен. «Тәуелсіздік жылдарындағы Алматы облысының қалыптасуы» фильмінің басты мақсаты — осы тәуелсіздік жылдарындағы Алматы облысының қарыштап дамығаның көрсету. Сонымен қатар облысымыз Елбасымыздың туған өлкесі болып табылады», — деді белгілі кинорежиссер, «Танарис»кинокомпаниясының директоры Сергей Жұмабайұлы.

 

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

Этникалық қазақ балаларына арналған Jas Qazaq» жазғы-этно лагерінің ашылды

25 маусым күні этникалық қазақ балаларына арналған Jas Qazaq» жазғы-этно лагерінің ашылу өтті. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне қарасты «Отандастар...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img