Оқушыларға кедей екенін үнемі еске салуға бола ма?

469

Мектептің маңдайына «Аз қамтамасыз етілген отбасылардың балаларына арналған мектеп-интернат» деп жазып қою балалардың психологиясына ауыр соққы – дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жұлдыз Сүлейменова.

Ол өзінің бұл пікірін Есен Елеукен «Yesti Podcast» жобасында айтып берді.

«Жақында мынадай оқиғаның куәсі болдым. Бір мектептегі проблеманы шешімін қарастыруға барғанымда, маңынан екінші бір мектепті көрдім. Ол мектепке де кіріп шығуды ойлап, жақындап келсем, маңдайында «Аз қамтамасыз етілген отбасылардың балаларына арналған мектеп-интернат» деп жазып қойыпты. Бұл мен үшін өте тұрпайы болып көрінді.

Әрине, мектеп барлық жағынан қамтылған, бірақ маңдайшадағы жазу бейне бір оқушыларға кедей отбасыдан шыққанын бетке басқандай әсер етеді» дейді Мәжіліс депутаты.