Сарапшылар Еуропаның ең «мәдени» қалаларының рейтингін жасады. Ол үшін олар әр қалада 100 мың тұрғынға қанша мұражай, театр, көрікті және мәдени турлар барын зерттеді.

Осы параметрлер бойынша Uswitch сарапшылары әр қалаға он балдық мөлшермен ұпай берді. Содан кейін жалпы қорытынды баға шығарылды. Нәтижесінде мамандар 15 қаланың тізімін дайындады.

Рейтингтегі бірінші орынды 9,85 ұпаймен Прага иеленді. Сарапшылар қалада 200 тарихи саябақ пен бақ бар екенін айтады. Сондай-ақ, әйгілі «би үйі» сияқты көптеген көрнекті орын бар. 100 мың адамға шаққанда 15-ке жуық осындай нысанды аралауға болады.

Лондон ©Shutterstock

Прагадан кейін Амстердам 9,81 ұпай алды. Нидерланды астанасы — өнер қаласы. Әйгілі Рейксмюсеум — әр 100 мың адамға арналған сегіз музейдің бірі. Сонымен қатар, Амстердам король сарайы мен Рембрандт алаңы сияқты ескерткіштерімен, ғимараттарымен және саябақтарымен танымал. Іс жүзінде 100 мың адамға 9,3 көрнекті орын келеді.

Үздік үштікті 9,48 көрсеткішпен Дублин тұйықтайды. Тарихи қала. Көрнекті орындар бойынша ең жоғары ұпай алды — 8,5. Оларға христиан шіркеуі және Патрик соборы сияқты соборлар, сондай-ақ Килмейнхэм түрмесінің мұражайы секілді тарихи ғимараттар кіреді.

Мәдени демалыс үшін Еуропадағы ең жақсы қалалардың толық рейтингі мынадай:

Прага – 9,85;
Амстердам – 9,81;
Дублин – 9,48;
Рим – 9,26;
Мюнхен – 8,60;
Копенгаген – 8,56;
Будапешт – 8,49;
Лондон – 8,38;
Берлин – 8,38;
Милан – 8,27;
Вена – 8,05;
Мадрид – 7,75;
Лиссабон – 7,57;
Варшава – 7,54;
Париж – 7,53.

Kaz.tengritravel.kz