Биыл қазақстандық мектептерде соңғы қоңырау мен аттестат тапсыру дәстүрлі офлайн-форматта өтеді. Бұл туралы Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова мәлімдеді.
Вице-министр оқу жылының соңында соңғы қоңырау мен жалпы орта білім туралы аттестат тапсыру дәстүрлі түрде өткізілетінін айтты.
«Бұл екі іс-шара да дәстүрлі түрде, өткен жылдардағыдай белгіленген мерзімде өтеді. Биыл соңғы қоңырау 25 мамырда болады. Әр мектеп бұл шараны өз бетінше өткізеді. Аттестат тапсыру — бұл балалардың өміріндегі алғашқы маңызды құжат алуы, сондықтан бұл іс-шара да өтеді», — деді ол.