15 сәуірден бастап ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті жеке тұлғалардың банк шоттарының арасындағы мобильді ақша аударымдарына мониторинг жүргізе бастайды.
Айта кетейік, бір адамның жеке тұлға ретінде ашқан банк шотына 3 айдың ішінде 100 және одан да көп адамның банк шотынан ақша аударылған болса, бұл кәсікепрлік қызметтен пайда табу болып есептеледі.
ҚР Қаржы министрінің тиісті бұйрығы бүгіннен бастап күшіне енді.
Салық заңнамасына сәйкес, мобильді аударымдарды пайдалануға қатысты енгізілген өзгертулер, жеке тұлғалардың жеке аударымдарын /кәсіпкерлік мақсатта жүзеге асырылатын мобильді төлемдерден/ бөлуге арналған.
Олар бизнес қауымдастықпен және банктермен бірнеше рет талқыланды. «Бұл бастамалардың мақсаты цифрлық кеңістікте бизнесті дамытуды көздейді, қолма-қол ақшаға көшуді мүлдем көздемейтінін ескеріңіз.
Дереккөз: ҚазАқпарат