«Алматы жастары» жобасы аясында биыл 1 мың жас отбасы баспанамен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Баспанаға құжаттар мен өтініштерді қабылдау мамыр айына жоспарланған. Несиенің ең жоғары сомасы 18 миллион теңгеге дейін.
Жеңілдікпен берілетін несие туралы ақпарат егжей-тегжейлі қалалық Тұрғын үй саясаты басқармасының сайтында және әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланады.
«Алматы жастары» бағдарламасы аясында биыл 1 мың жас отбасы баспаналы болмақ.
Айта кетейік, бағдарламаға 35 жасқа дейінгі жастар қатыса алады. Атап айтқанда, медицина қызметкерлері, мұғалімдер, ЖОО мен ҒЗИ оқытушылары, ғылыми қызметкерлері, мәдениет және спорт саласының қызметкерлері, журналистер, жазушылар, халықты әлеуметтік қорғау және құқық қорғау органдарының мамандары.
Өтінім қабылданса, 18 миллион теңгенің 10 пайызын, яғни 1,8 миллион теңгені бастапқы жарна ретінде төлеп, 18 млн теңгеге баспана алуға болады.