Пандемия «қауіпсіз саяхат елдерін» таңдауға айтарлықтай әсер етті. Америкалық мамандар қауіпсіз елдерді анықтау үшін сауалнама жүргізді. Респонденттердің көбі ауру жұқтырудан және барған елінде қалып қоюдан қорқатынын айтқан, — деп хабарлайды Tengritravel.kz.
Әлемдегі ең қауіпсіз туристік бағыттар рейтингінде Оңтүстік Корея, Сингапур, Таиланд, Жапония, Қытай және Вьетнам сияқты Азия елдері осы «бағытта» айтарлықтай көтерілді.
Мұндай деректер Berkshire Hathaway Travel Protection сақтандыру компаниясы жариялайтын жыл сайынғы қауіпсіздік рейтингінде көрсетілген. Қорытынды 1,5 мың америкалық туристің сауалнамасы негізінде жасалды. Сонымен қатар, Американың Еуропадағы және Кариб теңізіндегі кейбір сүйікті туристік бағыты, атап айтқанда Италия, Багамалар, Испания, Ямайка және Ұлыбритания саяхат қауіпсіздігі тұрғысынан орнын жоғалтты.
Ең қауіпсіз он ел мынадай:
- Канада
- Исландия
- Швеция
- Жапония
- Ирландия
- Швейцария
- Оңтүстік Корея
- Таиланд
- Жаңа Зеландия
- Австралия