Астрологияны жақсы көретіндер зодиак белгісі адамның көптеген қасиеттерін, соның ішінде амбицияны, бәсекеге қабілеттілік және іскерлікті — әдетте адамдарға бай болуға көмектесетін қасиеттерді анықтайтынын біледі. Жаңа зерттеу қай кезде дүниеге келген адамның миллионер мен миллиардер болу ықтималдығы жоғары екенін көрсетеді.

Британиялық астрологтар әлемдегі ең бай 50 адамның шоқжұлдыз белгілерін талдап, көбінесе Тоқты мен Таразы белгілерінің өкілдері миллиардтаған ақша таба алады деген қорытындыға келді.

Астролог Келли Фокстың айтуынша, Тоқтының басты артықшылығы – олардың көшбасшылық қасиеттері мен бәсекеге қабілеттілігі. Дегенмен, бұл белгінің өкілдері тым импульсивті және шыдамсыз болуы мүмкін. Британия  сайттарына берген түсініктемесінде сарапшы: «Бұл кемшілікті жабуға көмектесетін шешім жауапты, тұрақты, іскер серіктес тарту», — деп кеңес береді.

Таразылар, керісінше, ұстамды және үнемдеуді жақсы біледі, сонымен қатар туа біткен кәсіпкерлік қасиетке ие. Сондықтан, бай болғысы келетін Тоқты өзіне іскер серіктес ретінде Таразы белгісінің өкілін іздеуі керек. Сонда бұл әрқайсысы бір-бірінің әлсіз жақтарын жабатын тамаша тандем болады.

Байлығымен танымал Тоқтыларға испандық Inditex сән дүкенінің негізін қалаушы Амансио Ортега, Microsoft-тың бұрынғы бас директоры Стив Балмер және Google негізін қалаушы Ларри Пейдж кіреді. Таразылар тізіміне дизайнер Ральф Лорен, H&M компаниясының төрағасы Стефан Перссон және L’Oréal компаниясының бұрынғы тең иесі Лилиан Бетанкур кіреді.

Айтпақшы, миллиардерлер арасында үшінші орында Арыстандар тұр. Олардың керемет харизмасы бар, көбіне олар байлыққа ғана емес, атақ-даңққа да ұмтылады. Алайда, олардың барлығы мақсатқа жету үшін нақты әрекеттер атқаруға қабілетті емес. Келли Фокс: «Кейбір Арыстандар бай және атақты бола алады, ал басқалары біреудің келіп, сыйлық беруін күтіп, сол туралы армандап қана өмірін өткізеді», — деп түсіндіреді. Әйгілі және бай арыстандардың қатарында тағы бір Google басшысы Сергей Брин және Oracle негізін қалаушы Ларри Эллисон бар.

Ақпарат дереккөзі:massaget.kz