Елімізде 1,5 млн жас өмірден өз орнын таппаған — Елнұр Бейсенбай

962

Елімізде жұмыс істемейтін, NEET санатына ілінетін, өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз еткен деп есептелгенмен салық төлемейтін жастардың жалпы саны 1,5 млн адамға жетті.

Бұл туралы ҚР Парламенті мәжілісінің депутат Елнұр Бейсенбай Есен Елеукеннің «Yesti podcast» жобасына берген сұхбатында осылай деп мәлімдеді.

«Статистика бойынша, NEET санатына жататын, яғни ұйымдаспаған, жұмыс істегісі келмейтін, білім алғысы келмейтін жастардың саны 600 мыңға жуық. Бұл — ресми дерек. Ал /тіркелген/ жұмыссыз жастардың саны 200 мыңға жуық.

Сондай-ақ өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз еткен деп есептеліп, алайда салық төлемейтін, қайда, не жұмыс істейтіні белгісіз 700 мыңдай жас тағы бар. Осының бәрін алып қарағанда, елімізде 1,5 млн-ға жуық жас өмірден өз орнын таппаған. Бұл үлкен цифр» — деді Мәжіліс депутаты.