Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 525 – 532 теңгеден саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 5 желтоқсанға арналған ресми бағамы — 1 долларға 523,58 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,01 теңге. Еуро — 549,71.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 525,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 528,9 теңге. Еуро 544,5 — 552,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 525 теңге, сатып алу құны — 532 теңге. Еуро 543 теңгеден сатылып, 553 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,97 — 5,13 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 4 желтоқсан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,60 теңгеге қымбаттап, 523,81 теңге болған.
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,25%-ға дейін көтерді.
Сондай-ақ Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов доллар бағамының өзгеруі импорт тауарлары құнына әсер етуі мүмкін екенін айтты.