Қызылордада 25 шілде күні жұмысшы жас мамандардың республикалық слеті өтті. Шараға еліміздің түрлі өңірлерінен және Қызылорданың аудандары мен қалаларынан 100-ден астам жас маман қатысты.
Слет аясында облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов сөз сөйлеп, «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында өңірде атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Қазіргі таңда өңірдегі 28 колледждің 19-ында 45 мамандық бойынша жұмысшы кадрлар даярлануда.

Жастар түрлі өндірістік нысандар мен оқу орындарының техникалық базасымен танысып, Қызылорда облысының жұмысшы жас мамандарының ассоциациясын құру туралы бастама көтерді.
Слет аясында жастар түрлі өндірістік орындарды аралап, заманауи оқу орындарының мүмкіндіктерімен танысты. Жиын барысында Қызылорда облысы жұмысшы жас мамандарының ассоциациясын құру туралы бастама көтеріліп, қатысушылар тарапынан қолдау тапты.

Слет соңында аймақтың дамуына үлес қосып жүрген белсенді жастар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. 25 шілдеде қатысушылар Байқоңыр қаласына барып, ғарыш айлағын және тарихи музейлерді араламақ.
