
Республика күні қарсаңында, Қазақстан Республикасы Мәдениет және
ақпарат министрлігінің қолдауымен Астана қаласында «Елім дегендер»
республикалық шығармашылық байқауы өтетінін хабарлаймыз.
Байқаудың басты мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру және
оны қолдану аясын кеңейту. Жоба 14–35 жас аралығындағы өзге этнос
өкілдерінің қазақ тіліндегі шығармашылық қабілеттерін ашуға бағытталған.
Номинациялар:
• Халық әндерін орындау
• Көркемсөз өнері
• Эссе жазу
Жалпы жүлде қоры – 3 000 000 теңге.
Өтінім қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 10–30 қыркүйек.
Іріктеу кезеңі: 2025 жылғы 1–10 қазан (қазылар алқасы онлайн форматта
бағалайды).
Қорытынды республикалық кезең: 2025 жылғы 22 қазан, Астана
қаласы, Оқушылар сарайы. Өтінімдер elimdegender.kz@gmail.com
электронды поштасына немесе «Тіл тағдыры» сайтында көрсетілген форма
арқылы қабылданады (материалдарға сілтемелер қоса жолданады).
Айта кетейік, «Тіл тағдыры – ел тағдыры» жобасы Қазақстан
Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге
асырылуда.
