Жастар арасында қазақша контент 18%-ға өскен

Басқа ақпараттар

«Жастар зерттеу орталығы» 14-35 жас аралығындағы көрермендерге сауалнама жүргізді. Нәтижесі боынша отандық видео өнімдер жастар арасында жоғары сұранысқа ие, себебі 44.9% жас көрермен еліміздің видео өнімдерін таңдайтынын көрсетті.

Биыл жүргізілген зерттеудің пайыздық көрсеткіштері жастардың ойын-сауық форматындағы видео контентке қызығатынын көреміз. «Қандай форматтағы видео көресіз?» деген сұраққа 51.2% Жастар көркем фильмдер десе, 45.9%-ы YouTube желісіндегі түрлі видеоларды тамашалаймыз деп жауап берді. Сериал көруші көрермен пайызы 41.7
Үздік төрттікті әлеуметтік желілердегі рилстар тәмәмдайды.

Internews (2023) зерттеуіне сүйенсек жастардың 57% әлеуметтік желілерді ақпарат алудың негізгі көзі деп санайды. Жастардың 1.4% ғана әлеуметтік желіні мүлде қолданбаймыз деп жауап берген.

Ал теледидар көрмейтін жастар 34%-дан 60%-ға көбейген. 14-29 жас аралығындағы тұрғындардың үштен бірі тіпті теледидар қарамайтын болып шықты.

Интернет ақпарат алу көзі ғана емес, жастар үшін білім алатын, ойын-сауық, коннект құралы ретінде де қолданылады

NP.kz сауалнамасына сәйкес, 30% жастар интернетті пассивті тұтынушылар болса, қалған 70%-і жеке контент жасаушы ретінде қалыптасқан

Соңғы жылдары қазақ тілді контент 18%-ға ұлғайған. Қос тілді форматтағы видеоларды қолдаушы жастар саны күннен күнге көбейіп келеді.

Медиа әлемде жастардың көретін өнімі мен жасаған контенті олардың медиа мінез-құлқына анализ жасауға мүмкіндік береді. Сандар Қазақстандық медиа өнімдерге сұраныстың артқанын көрсетеді.

Соңғы жарияланымдар

«Қате тарихтан жаңылыс түсінік қалыптасады»: экс-сенатор оқулықтардағы олқылықтарды көтерді

«Қате тарихтан жаңылыс түсінік қалыптасады»: экс-сенатор оқулықтардағы олқылықтарға назар аударды Білім күні қарсаңында тарих оқулықтарының сапасы мен ондағы қателер мәселесі...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз