Воскресенье, 24 ноября, 2024
No menu items!

Арал

Басқа ақпараттар

Арал қаласы – Қызылорда облысы Арал ауданының әкімшілік орталығы. Бұл қаланың атақ-даңқы балық шаруашылығына тығыз байланысты.

Мұнда төрт бірдей әскери жабық қалашық қоныс тепті. Өткен ғасырдың аяғында Арал теңізі деңгейінің төмендеуі салдарынан экологиялық апатты аймаққа айналды. Арал атауы XIX ғасырдың 70-жылдарынан бастап қолданысқа енгізілген.

Қала 1817 жылы Алтықұдық кентінің негізінде қалыптасқан екен. Дегенмен, бұл аймақтың ежелден түркі халқына қоныс болғаны тарихтан белгілі. Оғыздардың астанасы болған Жанкент, сақтар мекені Шірік Рабат, ұлан-ғайыр аумақты алып жатқан Жетіасар кешені – Арал теңізі бойында тамаша өркениет пен үлкен мәдениеттің қалыптасқандығынан хабар береді.

Қала тарихы 1899-1905 жылдары басталған «Орынбор-Ташкент» темір жолының салынуымен тығыз байланысты. 1917 жылға дейін Арал жері Түркістан генерал-губернаторлығы Сырдария облысы Қазалы уезінің құрамында болады. Төңкерістен кейін станса кент мәртебесіне ие болып, Қазақ КСРА Арал ауданының орталығы болады.

Балық шаруашылығының жандануы Арал теңізіндегі өнеркәсіптік балық шаруашылығы 1905 жылы Лапшин, Риткин, Красильников, Макеев сияқты Ресей көпестерінің балықшылар одағын және «Хива» акционерлік қоғамын құрғаннан басталады. Кеме жасайтын шеберханалар, өнеркәсіптік комбинат және асфальт зауыты жұмыс істей бастайды.

1919 жылы қалаға генерал Белов бастаған Колчактың оңтүстік әскері келіп тоқтайды. Оларға Жалғызағаш және №68 (қазіргі Шырғанақ) разъездер аралығындағы Қызыл әскер қарсы шығады. Қызыл әскер мінген «Хан Хивинский» және «Түркістандық» кемелері теңіз шығанағына келіп тоқтап, су толтырылған темір жол цистерналарына оқ жаудырып, нәтижесінде Колчак әскері сусыз қалады.

1921 жылдың 7 қазанында Ленин балықшыларға ашық хат жазып, «жұмысшылар төңкерісіне күш жинау» үшін балықпен бөлісуге шақырады. Оған жауап ретінде аралдықтар желтоқсан айында 14 вагон балықты елмен бөлісті.

Арал ©jas.kz

Арал ©jas.kz

Арал ©jas.kz

Арал ©jas.kz

1930 жылы қала Қызылорда облысы Арал ауданының әкімшілік орталығы болып аталды да, 1938 жылы қала мәртебесіне ие болады.

1970-жылдары аймақ экономикасы көтерілгенмен, Арал теңізі суының деңгейі төмендеген кезден бастап аймақтың да дамуы құлдырай түсті. 1990-жылдардан бастап қала «Арал маңы экологиялық апатты аймағына» енеді.

2005 жылы Арал теңізінің солтүстік бөлігінің су деңгейі жаңа тоғанның көмегімен көтеріле бастайды. Бүгінгі таңда теңіздің тереңдігі 42 метрге жетеді. Онда ұзындығы жарты метр болатын ақбалық, тұқы, жайын, сазан және көксерке секілді балық түрлері мекендейді.

Арал сонымен бірге — Қазақстанның басты тұз кеніші.

Арал ©jas.kz

Арал ©jas.kz

Арал ©jas.kz

Арал ©jas.kz

Арал ©jas.kz

 

Арал ©jas.kz

Арал ©jas.kz

Арал ©jas.kz

Кеңес одағы кезінде Арал ауданында төрт жабық әскери қалашық болған. Оңтүстігінде «Бархан» биохимиялық полигонымен байланысты Арал-5 («Орал»), қаланың солтүстік-батысында зымыран әскерімен байланысты Арал-6 («Чайка») және авиациялық эскадрильямен байланысты Арал-8 («Берёзка») қалашықтары қоныстанған екен. Сонымен бірге, Возрождение аралында Арал-7 деп аталған Қантүбек әскери қалашығы болған. 1992-1993 жылдары полигон таратылып, қалашықтар бұзылып, құрылыс материалдарына айналады.

Аралдың ландшафты кішігірім төбелерден тұратын дала болып келеді. Олардың биіктігі 55-71 метр аралығында. Жердің шығыс ауданын 5-25 м құмды тізбектерден тұратын шөлді аймақ алып жатыр. Төменгі жазық жер тақыр болып келеді.

Тартылып жатқан кішігірім өзендер еріген қар суы мен жауын суымен толығып отырады. Оңтүстікте Үлкен Сарышығанақ — Арал теңізінің суы тартылған шығанағы орналасқан.

Аралдың климаты шұғыл континентті және қуаң болып келеді. Жылына 130 мм жауын-шашын болып тұрады. Аймақта температура айтарлықтай жиі құбылады. Қыста орташа температура -10 градусқа жетеді. Жазда жиі шаң көтеріліп, дауыл болады, орташа температура +35 градус ыстық болады.

Жер қыртысының басым бөлігінде жантақ (түйетікен) өседі. Оған қоса, шөлді және жартылай шөлді аймаққа тән бетеге, ермен, жыңғыл және жүзген бар. Ал қалада қарағаш көп, көкөніс аз өсіріледі.

Қазір Аралдағы өнеркәсіп пен балық шаруашылығы қайта жанданды.

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

Kazakhstan Global Investment Roundtable: Қазақстан әлемдік БАҚ назарында

Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Kazakhstan Global Investment Roundtable аясында ұйымдастырылған іс-шарада шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесті. Бұл туралы...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img