Мобильді аударымдар тексеріледі: қазақстандықтарға мамырдан бастап салық хабарламалары жіберіледі

Басқа ақпараттар

Қазақстанда банктерден 15 сәуірге дейін алынған мобильді аударымдар туралы деректерді өңдеу басталды. Алғашқы салық хабарламалары азаматтарға мамыр айында жіберіледі, деп хабарлайды Jas.kz Kazinform сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Мәжіліс кулуарында Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазіргі таңда бақылауға іліккен азаматтардың нақты санын айту қиын. Себебі бір адам туралы мәліметтер бірнеше банктен қайталанып түсуі мүмкін.

— Қазір қандай да бір нақты қорытынды жасауға ерте. Алғашқы хабарламаларды тек мамыр айында жібереміз. Мәліметтерді талдап, санаттар бойынша саралаймыз: ол жеке кәсіпкер ме, өзін-өзі жұмыспен қамтыған ба, резидент пе немесе басқа санатқа жата ма – соның бәрін анықтаймыз. Сондықтан нақты сан туралы айтуға әлі ерте, — деді вице-министр.

Еске салайық, егер жеке тұлғаға үш ай қатарынан 100 түрлі жіберушіден ақша түсіп, жалпы сомасы 1 020 000 теңгеден (12 ең төменгі жалақы) асса, мұндай аударымдар салық бақылауына алынады.

Бұған дейін ең төменгі жалақының өсуіне байланысты мобильді аударымдар бойынша шекті сома да ұлғаюы мүмкін екені айтылған. Алдын ала есеп бойынша, ең төменгі жалақы 150 мың теңге болған жағдайда бұл шек шамамен 1,8 млн теңгені құрауы ықтимал.

Соңғы жарияланымдар

Шекарада ұсталды: мыңға жуық малды шетелге шығармақ болғандар әшкереленді

Мемлекет басшысының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бағаны тұрақтандыру жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында Ішкі істер министрлігі ауыл шаруашылығы жануарларын...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз