Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай өңір тұрғындары мен қонақтарын табиғи аумақтардың тазалығын сақтауға шақырды

Басқа ақпараттар

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай бастаған волонтёрлер тобы өңірдегі көрікті табиғи орындардың бірі – Айрақты шатқалына барып, аумақты тазарту бойынша экологиялық акция өткізді, деп хабарлайды Jas.kz Juzmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Экологиялық іс-шараға мемлекеттік қызметшілер, экологтар және волонтёрлер қатысып, табиғи аумақты қоқыстан тазартуға атсалысты.

Өңір басшысы Маңғыстау тұрғындары мен қонақтарын туған жер табиғатына жанашырлықпен қарап, тазалық пен экологиялық жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға шақырды.

«Мемлекет басшысының бастамасымен “Таза Қазақстан” идеясы біртіндеп қоғамдық санаға сіңіп келеді. Дегенмен бүгіннің өзінде қасиетті жерлерде демалып, артынан қоқыс қалдырып кететін жағдайлар кездеседі. Бұл – ата-бабамыз жанын қиып қорғаған қасиетті мекендер. Сондықтан әріптестерімізбен және жергілікті тұрғындармен бірге волонтёрлік топ құрып, табиғи нысанды тазартуға арнайы келдік. Біздің даламызды сырттан келіп ешкім тазалап бермейді. Бұл – өңірдегі көптеген орындардың бірі ғана. Сондықтан қай жерде жүрсек те, айналамыздың тазалығын сақтап, өскелең ұрпаққа табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін сіңіру – баршамыздың ортақ міндетіміз», – деді өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбай.

Соңғы жарияланымдар

Шекарада ұсталды: мыңға жуық малды шетелге шығармақ болғандар әшкереленді

Мемлекет басшысының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бағаны тұрақтандыру жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында Ішкі істер министрлігі ауыл шаруашылығы жануарларын...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз