QID және Institute of Directors Алматыда халықаралық деңгейдегі директорлардың жаңа тобын оқытуды аяқтады

Басқа ақпараттар

Алматы қаласында British Institute of Directors (IoD, Ұлыбритания) ұйымы Qazaq Independent Directors Association (QID) серіктестігімен бірлесіп жүзеге асырған Certificate in Company Direction халықаралық бағдарламасы сәтті аяқталды.

Бағдарлама 2026 жылдың сәуір–мамыр айлары аралығында өткізілді. Және Қазақстан мен өңірдегі мемлекеттік, квазимемлекеттік, жеке және халықаралық компаниялардың жоғары басшылық өкілдерін біріктірді. Қатысушылар «Стратегия», «Көшбасшылық», «Қаржы» және «Директор мен директорлар кеңесінің халықаралық рөлі» атты төрт негізгі модульден өтті.

Оқыту бағдарламасы корпоративтік басқарудың халықаралық стандарттарына сәйкес директорлар кеңесі мүшелерінің, жоғары және орта буын басшыларының, бизнес иелерінің және корпоративтік хатшылардың кәсіби құзыреттерін дамытуға бағытталды. Бағдарлама қатысушыларға стратегиялық басқару, көшбасшылық, қаржылық талдау, директорлар кеңесі деңгейінде шешім қабылдау және мүдделі тараптармен тиімді өзара іс-қимыл жасау бойынша практикалық құралдар ұсынды.

Бағдарлама Institute of Directors ұйымының халықаралық сарапшыларын тарта отырып жүзеге асырылды және жаһандық бәсекелестік, нарықтардың трансформациясы және корпоративтік басқару сапасына қойылатын талаптардың артуы жағдайында тиімді директорлар кеңесі қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті басқарушылық құзыреттерді дамытуға бағытталған. QID Байқаушы кеңесінің мүшесі – Атқарушы директор, Zhanibekov University директорлар кеңесінің мүшесі Эльнура Абаканова атап өтті:

«Сапалы корпоративтік басқарудың дамуы Қазақстанның инвестициялық тартымдылығына тікелей әсер етеді. Директорлар кеңестері неғұрлым мықты болса, басқару процестері соғұрлым ашық болып, компанияларға деген сенім деңгейі артқан сайын, олар жергілікті және халықаралық инвесторлар үшін де тартымды бола түседі».

Осындай деңгейдегі бағдарламалардың өткізілуі Қазақстандағы корпоративтік басқаруды дамытуда маңызды рөл атқарады. Күшті директорлар кеңестерімен кәсіби басқару тәжірибелер ікомпаниялардың инвестициялық тартымдылығын арттыруға, олардың беделін нығайтуға, рейтингтердегі позициясын жақсартуға, халықаралық биржаларда листингке дайындалуына және елдегі іскерлік ортаның одан әрі жетілуіне ықпал етеді.

Соңғы төрт жыл ішінде IoD бағдарламалары аясында QID серіктестігімен 138 қатысушы білім алды. Бұл корпоративтік басқарудың халықаралық стандарттарына, сондай-ақ Қазақстан мен өңірде кәсіби директорлар институтын дамытуға деген жоғары қызығушылықтың бар екенін көрсетеді.

Qazaq Independent Directors Association (QID) — 2007 жылдан бері қызмет етіп келе жатқан, директорларды, директорлар кеңесінің мүшелерін, жоғары менеджмент өкілдерін және корпоративтік басқару саласындағы сарапшыларды біріктіретін кәсіби қоғамдық ұйым. QID Қазақстан мен Еуразия өңірінде ашықтық, есептілік, тұрақты даму қағидаттарын және директорлар кеңестерінің кәсібилігін арттыруға бағытталған жоғары стандарттарды ілгерілетеді.

Қауымдастық Еуразия өңірінде Institute of Directors (IoD, Ұлыбритания) ұйымының эксклюзивті серіктесі болып табылады. IoD — корпоративтік басқару, кәсіби директорларды даярлау және заманауи басқарушылық көшбасшылық стандарттарын қалыптастыру саласындағы әлемдегі ең көне әрі беделді ұйымдардың бірі.

Халықаралық бағдарламаларды іске асыру, кәсіби қауымдастықты дамыту және үздік тәжірибелерді енгізу арқылы QID директорлар кеңесі институтын нығайтуға, ұйымдарды басқару сапасын арттыруға және Қазақстанда инвестициялық тартымды бизнес-ортаны қалыптастыруға елеулі үлес қосып келеді.

Соңғы жарияланымдар

«Қате тарихтан жаңылыс түсінік қалыптасады»: экс-сенатор оқулықтардағы олқылықтарды көтерді

«Қате тарихтан жаңылыс түсінік қалыптасады»: экс-сенатор оқулықтардағы олқылықтарға назар аударды Білім күні қарсаңында тарих оқулықтарының сапасы мен ондағы қателер мәселесі...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз