Прокуратураның араласуынан кейін мас күйде жол апатын жасаған әйел 20 тәулікке қамалды

Басқа ақпараттар

Ақсу қаласының прокуратурасы мас күйінде көлік басқару ісін қарау барысында жалған жүктілік анықтамасын пайдалану фактісін анықтады, деп хабарлайды Jas.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Тексеру барысында әйелдің жүргізуші куәлігінсіз, алкогольдік масаң күйде жол-көлік оқиғасын жасағаны белгілі болды. Сотқа оның жүкті екендігі туралы анықтама ұсынылып, соның негізінде жаза жеңілдетіліп, әкімшілік қамау айыппұлмен ауыстырылған.

Алайда прокуратура жүргізген тексеріс медициналық құжаттың жалған екенін көрсетті.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 416-бабы негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Сонымен қатар полиция қызметкерлеріне қатысты да тергеу жүргізілуде.

Ақсу прокуратурасы құқық бұзушылықтың саралануын және жаза түрін өзгерту туралы апелляциялық өтінішхат енгізіп, айыппұлды әкімшілік қамауға ауыстыруды талап етті.

Облыстық соттың апелляциялық алқасының қаулысымен құқық бұзушы 20 тәулікке қамауға алынды.

Соңғы жарияланымдар

«Қате тарихтан жаңылыс түсінік қалыптасады»: экс-сенатор оқулықтардағы олқылықтарды көтерді

«Қате тарихтан жаңылыс түсінік қалыптасады»: экс-сенатор оқулықтардағы олқылықтарға назар аударды Білім күні қарсаңында тарих оқулықтарының сапасы мен ондағы қателер мәселесі...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз