Түркістан облысының Арыс қаласында жол-көлік оқиғасы салдарынан төрт адам қаза тауып, тағы екі адам ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Kozachkov Offside Telegram арнасы жариялады, деп хабарлайды Jas.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, жеңіл көлікті басқарған әйел жеке тұрғын үйдің қоршауына соғылған. Сол сәтте үйдің алдында орналасқан орындықта бірнеше адам отырған. Көлік оларды қағып кеткен.
Оқиға салдарынан төрт адам көз жұмды. Қаза тапқандардың арасында екі кішкентай бала мен жүкті әйел бар екені айтылды.
Сондай-ақ тағы екі адам түрлі ауыр жарақат алып, медициналық мекемеге жатқызылған.
Telegram арнасының мәліметінше, көлік тізгінінде 52 жастағы Бибінұр Қасымова болған. Дереккөздің хабарлауынша, ол мектепте жұмыс істейді және қосымша такси қызметімен айналысқан.
Жарияланған ақпаратқа сәйкес, жүргізушіге жүргізілген сараптама оның алкогольдік масаң күйде болғанын көрсеткен.
Оқиғаның мән-жайын құқық қорғау органдары анықтап жатыр
