Қайғылы оқиға Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің (NIS) түлегімен болған. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде жарияланды, деп хабарлайды Jas.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Жарияланған мәліметтерге сәйкес, марқұмның денесін елге жеткізу үшін отбасына көмек қажет. Тасымалдау шығындары шамамен 8 мың еуроны құрауы мүмкін.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жас жігіттің қаза болғанын растады және оның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Ведомствоның хабарлауынша, Қазақстанның Италиядағы елшілігі марқұмның отбасымен байланыста болып, Италия билігімен бірлесіп оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Сондай-ақ қазақстандық дипломаттар туыстарына консулдық және құқықтық көмек көрсетуде. Қазіргі уақытта өлімнің ресми себебі жарияланған жоқ.
