Жамбыл облысында бюджетке 800 млн теңгеден астам акциз салығы өндірілді

Басқа ақпараттар

Жамбыл ауданының прокуратурасымен салық заңнамасының сақталуына жүргізілген тексеру барысында акциз салығын әкімшілендіру кезінде мемлекеттік кірістер органдары қызметінде заң бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды Jas.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, аудан аумағындағы газ өңдеу кәсіпорны акциз салығын төлеу бойынша нақты міндеттемелері бола тұра салық декларацияларын нөлдік көрсеткіштермен ұсынған.

Берешектің болуына қарамастан, уәкілетті орган тарапынан оны өндіріп алу бойынша тиісті шаралар уақтылы қабылданбаған.

Тексеру нәтижесінде кәсіпорынның 2025 жылдың қазан айынан бастап жалпы сомасы 882 043 240 теңге көлеміндегі акциз салығын төлемегені анықталды.

Мемлекеттік кірістер басқармасының атына енгізілген прокурорлық қадағалау актісінің нәтижесінде аталған сома мемлекеттік бюджетке толық көлемде өндірілді.

Жалпы, ағымдағы жылдың бес айының қорытындысы бойынша Жамбыл ауданының прокуратурасымен мемлекет кірісіне 1 млрд теңгеден астам қаражаттың өндіріп алынуы қамтамасыз етілді.

Соңғы жарияланымдар

«Қате тарихтан жаңылыс түсінік қалыптасады»: экс-сенатор оқулықтардағы олқылықтарды көтерді

«Қате тарихтан жаңылыс түсінік қалыптасады»: экс-сенатор оқулықтардағы олқылықтарға назар аударды Білім күні қарсаңында тарих оқулықтарының сапасы мен ондағы қателер мәселесі...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз