Жетісу облысында көпбалалы ана күйеуін өлтірді деген күдікке ілінді

Басқа ақпараттар

Жетісу облысы Текелі қаласында көпбалалы ана күйеуін өлтірді деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды Jas.kz «24KZ» телеарнасына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 10 маусымға қараған түні қаладағы жекеменшік үйлердің бірінде болған. Жергілікті полиция қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Полиция департаментінің мәліметінше, тергеу барысында ерлі-зайыптылардың бірге спирттік ішімдік ішкені және әйелі күйеуін өлтіргені анықталды.

Күдікті сот шешімімен қамауға алынды. Қазір ол Талдықорғандағы тергеу изоляторында отыр. Сотқа дейінгі тергеу прокуратура келісімімен жүріп жатыр.

 

Соңғы жарияланымдар

Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 16,75%-ға дейін төмендетті

Қазақстан Ұлттық Банкі Ақша-кредит саясаты комитетінің шешімімен базалық мөлшерлеме 25 базистік тармаққа төмендетіліп, 16,75% деңгейінде белгіленді. Бұл туралы Ұлттық...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз