СІМ АҚШ-та жоғалған қазақстандыққа қатысты мәлімдеме жасады

Басқа ақпараттар

АҚШ-та бұған дейін хабар-ошарсыз кеткен Қазақстан азаматы болуы мүмкін адамның мәйіті табылды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев мәлімдеді, деп хабарлайды Jas.kz Tengrinews.kz агенттігіне сілтеме жасап.

Бүгін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде брифинг өтті. Ерлан Жетібаевтың айтуынша, брифинг басталар алдында министрлікке із-түзсіз жоғалған қазақстандыққа қатысты жаңартылған ақпарат келіп түскен.

«Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың құзыретті органдарынан Қазақстан азаматы болуы мүмкін адамның мәйіті табылғаны туралы ақпарат алды. Қазіргі уақытта америкалық тарап қажетті рәсімдерді жүргізіп жатыр. Біздің дипломаттар АҚШ-тың құзыретті органдарымен және азаматтың туыстарымен байланыста. Оларға қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетілуде», – деді Ерлан Жетібаев.

Министрлік өкілдері америкалық тараптан ресми мәліметтер келіп түскен сайын қосымша ақпарат берілетінін жеткізді.

Еске салсақ, бірнеше күн бұрын әлеуметтік желілерде АҚШ-та екі аптадан бері іздестіріліп жатқан Қазақстан азаматы туралы ақпарат тараған болатын. 24 жастағы Асет Құралбай Чикаго маңындағы Форд-Хайтс (Иллинойс штаты) ауданында тұрған. Ол соңғы рет 2026 жылғы 2 маусымда байланысқа шыққан. Ал 7 маусымнан бері телефоны сөндірулі болған. Үйінде құжаттары мен банк карталары қалған.

Бұған дейін ҚР Сыртқы істер министрлігі Чикагода жоғалып кеткен Қазақстан азаматы Асет Құралбайға қатысты жағдайдан хабардар екенін мәлімдеген еді. Қазақстандық дипломаттар АҚШ-тың құзыретті органдарымен байланысып, оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатқанын хабарлаған.

Соңғы жарияланымдар

Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 16,75%-ға дейін төмендетті

Қазақстан Ұлттық Банкі Ақша-кредит саясаты комитетінің шешімімен базалық мөлшерлеме 25 базистік тармаққа төмендетіліп, 16,75% деңгейінде белгіленді. Бұл туралы Ұлттық...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз