Қазақстан астанасында мемлекеттік және корпоративтіккоммуникацияларды дамытуға арналған жыл сайынғы XIV PR Forum Astana кәсіби салааралық конференциясы өтті. Биылғы форумның басты тақырыбы: «Сенім мемлекет пен бизнестің стратегиялық активі».

14 жыл ішінде PR Forum Astana Қазақстанныңтүкпір—түкпікірен 1500-ден астам маманның басынбіріктірді. Биылғы пікірталас саяси коммуникациялар, қазақша контентті дамыту, салалық коммуникация ерекшелігі, жасанды интеллект және абырой—беделменжұмыс аясында өрбіді. Форум барысында шақырылған спикерлер шетелдік және қазақстандық нақты PR-кейстердіталдаған болатын.
«Бүгінгі таңда сенім мемлекет үшін де, бизнес үшін де негізгі ресурстардың біріне айналып отыр. Оны жарнаманауқаны не бір реттік ақпараттық жобаменқалыптастыру мүмкін емес. Ол белгілі бір әрекеттерреттілігінен, ашықтық пен әртүрлі аудиториямен адалдиалог жүргізу қабілетінен құралады. Сондықтан осы жылы біз коммуникацияға, мемлекеттік институттар, компаниялар, медиа және PR мамандығының өзіне дегенсенім призмасы арқылы қарағымыз келді«,— деді Әсел Қараулова «PR-шы» клубының тең негізін қалаушы, ҚР НАСО Кеңесінің төрайымы, CEO Қазақстан Баспасөз клубы/PG Communications.

Форумның алғашқы сессиясы «Қазақстандағы саяси коммуникация: сайлау, сенім және саяси PR жаңа ережелері» тақырыбында болды. Сарапшылар мемлекеттің, саяси институттардың, БАҚ пен қоғамның өзара қарым-қатынастарын қалай өзгеретінін, саяси коммуникацияның қандай құралдары жұмыс істейтінін және онда аудиторияның сенімі қандай рөл атқаратынын талқылады.Сессияға коммуникация жөніндегі сарапшы ретінде саясаттанушы Талғат Калиев, журналист Әселім Әбдраимова және «Media Systems» агенттігінің өкілі қатысты. Спикерлер сайлау кезеңінде қоғамдық сенімнің қалай қалыптасатынын және неден бұзылатынын, саяси партиялар мен көшбасшылардың беделін, сондай-ақ PR мен саяси технологиялардың нарратив құрудағы рөлін талқылады. Нақты кейстер негізінде сарапшылар саяси коммуникациядағы сәтті шешімдер мен резонансты сәтсіздіктерді талдап, қандай балама қадамдар мүмкін болғанын қарастырды. Модераторлар Әсел Қараулова мен Салтанат Әскербекқызы болды.
Кейінгі сессияда «Қазақ тілді контент: ресми аудармадантолыққанды коммуникацияға өту» туралы айтылды. Қатысушылар компаниялар мен ұйымдардың осы бағыттағы табысты және сәтсіз тәжірибелерін талдап, қазақтіліндегі қазіргі заманғы контент тілдік талаптардыңформалды орындалуы ретінде емес, органикалықкоммуникация ретінде қабылдануы тиіс екенін талқылады.

Панельді «PR-шы» клубының вице-президенті, «TANBA» агенттігінің директоры, Ақсұлу Саңғали модерациялады. Талқылауға Carlsberg Kazakhstan компаниясының корпоративтік қатынастар және мемлекеттік органдармен жұмыс жөніндегі директоры Индира Садвакасова, Kcell корпоративтік байланыс бөлімінің қоғаммен байланыс жөніндегі сарапшысы Бақытжан Мұхаммедияұлы және медиасарапшы, Назарбаев Университетінің профессоры (PhD) Молдияр Ергебеков қатысты. Спикерлер қазақ тілді аудиторияның бизнес пен қоғамдық жобалар үшін негізгі өсу нүктесіне айналғанын, бірақ мәдени код ескерілмеген жерде оның бедел тәуекеліне ұласатынын атап өтті. Нақты кейстер мен өлшенетін нәтижелер негізінде спикерлер қандай контент миллиондаған қазақстандықтардың жүрегіне жол табатынын талдады.
«Қазақ тілді контент бүгінде ресми талаптың орындалуы емес, аудиториямен шынайы байланыс құралына айналды. Бренд қазақша сөйлегенде ғана емес, қазақша ойлағанда нәтиже көреді. Өйткені аудитория жасандылықты бірденсезеді, ал мәдени кодты құрметтеу сенім мен органикалыққамтудың ең қысқа жолы. Біздің міндетіміз осы тәжірибені жүйелеп, нарыққа сапалы қазақ тілді коммуникация стандартын ұсыну»,— деді «PR-шы» клубының вице-президенті, «TANBA» агенттігінің директоры Ақсұлу Саңғали.

Форумның тағы бір тақырыптық блогы өнеркәсіптегісалалық коммуникациялардың ерекшеліктері туралыпікірталас болады. Iрi өндiрiстiк компаниялардың жұмысыәсiресе мүдделi тараптардың кең ауқымымен байланысты. Сондықтан сенім, ашықтық, ESG және беделді тәуекелдердібасқару мәселелері мұнда ерекше маңызға ие болады.
PRacticum дәстүрлі практикалық блогы нақтыкоммуникациялық кейстердің айналасында құрылды.
XIV PR Forum Astana кәсіби қауымдастықтың басты алаңыретінде сенімнің бүгінгі коммуникацияның негізгівалютасына айналғанын көрсетті. Саяси коммуникация, қазақ тілді контент, өнеркәсіптегі байланыс жәнедағдарысты басқару тақырыптарында өрбіген пікірталастарбір ортақ түйінге келді. Сенім бір мәртелік науқан емес, ашықтық пен аудиториямен адал диалогтың нәтижесі. Форум мемлекет, бизнес және медиа өкілдерін біріктіреотырып, Қазақстандағы PR саласының одан әрі кәсібиленетүсуіне және коммуникацияның жаңа стандарттарыныңқалыптасуына серпін берді.

