Понедельник, 25 ноября, 2024
No menu items!

Алматы облысының үздік ауыл мектебі

Басқа ақпараттар

Алматы облысының әкімі А.Баталов қолдауымен жыл сайын өткізіліп келе жатқан педагогикалық байқаудың бірі – «Үздік ауыл мектебі». Биыл да ең үздік мектепті анықтау мақсатындағы игі шара облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен өз деңгейінде өтті. Талдықорған қаласындағы №25 орта мектебінде топ жарған байқауға аудандық, қалалық сайыстарда үздік деп танылған 18 білім шаңырағы қатысты.

Шараны облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Майгүл Омарова ашып, Елбасы биылғы Жолдауында ауыл мен қала мектептері арасындағы алшақтықты жою қажеттігін баса айтқанын, бүгінгі өткізіліп отырған байқаудың мақсаты да осы ауыл мектебінің деңгейін көтеру екенін атап өтті.

Шығармашылық бағытта жұмыс істейтін үздік білім шаңырағын анықтап, озық іс-тәжірибені тарату, ауыл мектебін қолдау мақсатында өткізілген  сайыстың бірінші кезеңінде білім беру мекемесі жетістіктерінің портфолиосы сараланды. Одан кейін байқауға қатысушылар өзін-өзі таныстыру сынынан өтті. Ал үшінші кезеңінде мектеп моделі қорғалды. Бұл ретте ұстаздар білім берудің озық технологияларын қолдану аясы, нәтижелі жұмыс үлгілерін ортаға салып, мектептің жалпы ұстанған бағыт-бағдарын атап өтті. Сайыста ұстаздардыңшығармашылық ізденісіне баса көңіл бөлінді.

Байқауға облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Майгүл Омарова, «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» АҚ филиалы Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы Жадыра Абдрахимова, білім беру және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының Талдықорған аумақтық қенесінің бас маманы Гүлнар Омарова, Талдықорған қаласындағы педагогикалық шеберлік орталығының тренері Медет Сатаев, облыстық әдістемелік кабинеттің меңгерушісі Алуа Қабдұлова әділқазылық етті.

Сарапшылар мектеп жетістіктері мен қатысушылардың байқауда көрсеткен шеберліктерін негізге ала отырып, әділ бағасын шығарды.

Байқау нәтижесінде Кербұлақ ауданы Қарашоқы орта мектебі I орынға ие болды. Көксу ауданының Қ. Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы мен Қапшағай қаласындағы №6 орта мектеп ұжымы II орынды  еншіледі. Талдықорған қаласындағы №11 Е. Берліқожа, Ақсу ауданындағы Е. Сиқымов және Сарқан ауданының М. Жұмабаев атындағы орта мектептері ІІІ орын тұғырынан көрінді.

Аталған жеңімпаз білім шаңырақтары мұғалімдер күні қарсаңында облыс әкімінің арнайы жүлдесімен марапатталатын болады.

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

Kazakhstan Global Investment Roundtable: Қазақстан әлемдік БАҚ назарында

Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Kazakhstan Global Investment Roundtable аясында ұйымдастырылған іс-шарада шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесті. Бұл туралы...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img