Понедельник, 25 ноября, 2024
No menu items!

Талдықорғанның тәлімбағы дамып келеді

Басқа ақпараттар

Талдықорғанның солтүстік шығысында 17 гектар аумақта тәлімбақ өсіру қолға алынып, қазір мұнда көк шалғын шөп, жапырақты және қылқан жапырақты ағаштардың және басқа да жасыл жекектің түр-түрі өсіріле бастаған. Құрылғанына бір жыл енді ғана болған бақта болашақта өндірістік жылыжай салынып, тамшылатып суару технологиясы да енгізілетін болады. Бұл туралы бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың облыс орталығының нысандарын аралауы барысында белгілі болды.

«Көркем-Талдықорған» тәлімбағы аумағынан Тянь-Шань шыршасы, қайың, қарағай, ұсақ жапырақты жөке, үшкір жапырақты үйеңкі және басқа да түрлі ағаштардың алқабын кездестіруге болады. Аталмыш нысанның агрономы Сейітхан Байбұқашевтың айтуынша, әзірге мұнда 15 жұмысшы еңбек етеді. Алдағы уақытта жұмысшылар санын арттыруға қажеттілік туындап отыр. Қазіргі кезде 5 техника сатып алынған, қажетті техника қатарын әлі де толықтырмақ ниетте.

Облыс әкімі А. Баталов тәлімбақтың бос жатқан жері болмауы керектігін, әрбір шаршы метр тиімді қолданылуы қажеттігін ескертті. Алдағы уақытта барлық өсімдіктер мен ағаштарды құтыда өсірсе, оны тиісті жерге жөнелтуде де қолайлы болмақ. Облыс басшысы, сондай-ақ интенсивті технологияны міндетті түрде енгізу қажеттігін, оған тиісті қаржы да қарастырылатынын айтты.

— Осыған дейін Талдықорған қаласын көгалдандыру ісіне қажетті көк өскіннің бәрі де сырттан сатып алынатын. Енді қала өз аумағын өзі өсірген жасыл желекпен көмкеруге мүмкіндігі бар. Бұл біріншіден, қаржы шығынын азайтса, екіншіден, өзінің тәлімбағын дамытуға біз барлық жағдайды жасап отырмыз. Ендігі жерде өндірістік жылыжай салуға және интенсивті технологиямен тамшылатып суарудың ең сапалы жүйесін орнатып, оның тиімді жұмыс істеуіне қажетті қаржыны да қарастырытан боламыз, — деді А. Баталов.

Осы күні қалада құрылысы жүріп жатқан драма театр, Салтанат сарайында болды. Қалаға кіреберістегі 3-бөлімшенің көшелерін реттеу жұмыстарымен танысты. Қала әкімдігі құрылыс нормаларының сақталуын қадағаламауы салдарынан тұрғын үйлердің ретсіз салынуы орын алған. Мұнда жалпы 463 участок болса, соның 153-інде құрылыс жүріп жатыр. Облыс әкімі А. Баталов аз уақыттың ішінде 3-бөлімше көшелерін ретке келтіруді қатаң тапсырды. Жаңа келбеттегі кіреберіс арканың орналасатын орнын да белгілеп берді.

«Ғарышкер» шағын ауданындағы 15, 16, 17 тұрғын үйлердің ауласындағы балалар алаңының жаңартылған кейпін көріп, тұрғындармен әңгімелесті. Орындықтардың, урналардың, балалардың ойын карусельдерінің, жалпы ауланың абаттандырылуы сапасыз жасалғанын сынға алған әкім жұмыстарды қайта жүргізуді тапсырды.

Сонымен қатар Орталық саябақтағы, қалалық бассейн аумағындағы құрылыс жұмыстарын көрді. Қаланы газдандыру барысымен танысты. Істің қарқыны көңіл толарлық емес екенін атап айтты. Қорытындысында қаладағы барлық құрылыс нысандарына, көркейту, абаттандыру, газдандыру жұмысына бақылау жүргізу үшін бірінші орынбарасы Л. Тұрлашов пен қала басшылығына әр сенбі сайын қаланы аралап, жұмыстың кестеге сай, әрі сапалы жасалып жатқанын қадағалап отыруды тапсырды.

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

Kazakhstan Global Investment Roundtable: Қазақстан әлемдік БАҚ назарында

Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Kazakhstan Global Investment Roundtable аясында ұйымдастырылған іс-шарада шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесті. Бұл туралы...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img