Суббота, 23 ноября, 2024
No menu items!

«ЭКСПО Кубогы» өтті

Басқа ақпараттар

Астана қаласының «Қазанат» ипподромында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесіне бәйге түрлерінен «ЭКСПО Кубогы» өтті. Жарысқа еліміздің 14 облысы мен Алматы, Астана қалаларынан, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркия және басқа да шет мемлекеттерден жалпы саны 150 ат қатысты.

Тұлпарлар жарысы құнан бәйге, топ бәйге, жорға жарыс, ұшқыр аттар жарысы, аламан бәйге түрлерінен өтті. Ұшқыр аттар жарысының жүлде қоры 63,6 млн. теңгені, бәйге түрлері бойынша 36 млн. теңге құрады. Жарыстың қорытындысында құнан бәйгеде Алматы облысының «Доран» атты жүйрігі озып шықса, топ бәйгеде де жетісулық «Сүлікқарасы» мәре сызығын бірінші болып кесті, ақмолалық М. Мұстафаевтың «Эльвутзет» тұлпары жорға жарыста өзгелерден оқ бойы озық шықты. 25 шақырымдық аламан бәйгенің бірінші жүлдесін Атырау облысынан келген Д. Мырзахановтың «Желқанат» атты жүйрігі иеленіп, 10 млн. теңге ақшалай сыйлыққа ие болды. Жалпы жарыстың барлық түрлерінің әрқайсысынан бес орынға бәйге беріліп, жеңімпаздардың барлығына ақшалай жүлделер ұсынылды.

Сонымен қатар жарыс арасындар теңге ілу, жамбы ату, қыз қуу, тазы иттер жарысы сияқты спорт түрлерінен ойындар көрсетілді.

Жалпы, шараның ұйымдастырушылары қатарында Алматы облысының әкімдігі де бар екенін атап өту керек.

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

Kazakhstan Global Investment Roundtable: Қазақстан әлемдік БАҚ назарында

Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Kazakhstan Global Investment Roundtable аясында ұйымдастырылған іс-шарада шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесті. Бұл туралы...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img