Воскресенье, 24 ноября, 2024
No menu items!

Балқашта демалуға қанша қаражат кетеді?

Басқа ақпараттар

Жаз мезгілінде жұртшылық демалуға қолайлы жер іздейтіні белгілі. Baq.kz агенттігінің Қарағандыдағы тілшісі Балқаш жағалауында демалуға қанша қаражат кететінін анықтап көрген еді. Соны назарларыңызға ұсынамыз.

 Балқаш көлі – қайталанбас ерекшелігі бар өзгеше орындардың бірі. Оның батыс бөлігі тұщы, ал шығысындағы су ащы болады. Еліміздің осы бір өзгеше табиғи байлығы – Балқаштың жағалауында жазғы демалысын өткізіп, көлдің суында шомылғысы келетіндер қатары жыл сайын артып келеді. Бір кездері игерілмеген жағалауларға бүгінде жан бітіп, көптеген демалыс орны бой көтерген.

Балқаштың жағалауында демалу үшін туристік фирмалардың көмегіне жүгінуге, не болмаса демалысты өзіңіз ұйымдастыруға болады. Курортты аймаққа жету үшін жеке автокөлікпен, автобуспен немесе теміржол тасымалын қолдануға болады. Астанадан Балқашқа дейінгі арақашықтық 600, ал Алматыдан 640 шақырымды құрайды. Егер де демалыс аймағына жету үшін автокөлікті таңдайтын болсаңыз, жанармайға шамамен 7000-10000 теңге аралығында ақша керек. Ал, автобуспен немесе пойызбен жету үшін билет құны 1 адамға шамамен 3000-5000 теңге аралығында болады.

«Балқашта демалуға шілде айында келуге тырысыңыз. Себебі, бұл айда судың температурасы 28 градусқа дейін жетеді. Алайда, демалыс орындарында жатын орын болмай қалуы мүмкін. Сондықтан да, қонақ үйлерге алдын ала тапсырыс беріп, бронь қойып қойғаныңыз жөн», — дейді Балқаш қаласының тұрғыны Айым Қалыбекова.

Курорттық аймақта қалтаңызға қарай әртүрлі деңгейдегі жерлерге тоқтауға болады. Бұл хостел, бунгало, тұрмысқа жайлы қонақ үй не болмаса барлық жағдай жасалған екі қабатты коттедж болуы мүмкін. Демалушылар арасында «Досжан», «Жемчужина» , «Балқаш Нұрсая», «Голубая лагуна» сияқты демалыс аймақтары сұранысқа ие. Аталған демалыс орындарындарында бір күндік демалыс 10000-35000 теңге аралығында. Бұл тек бөлмеге төленетін ақы. Бұдан бөлек тамаққа, қосымша қызметтерге жеке ақша төлейсіз. Арнайы тапсырыспен дайындалған түскі ас 1 адамға 3-5 мың теңге аралығында болады. Сондай-ақ өзіңізбен бірге ас-ауқатыңызды әкеліп, дайындауыңызға болады. Халық арасында сұранысқа ие бірнеше демалыс орындарындағы бағаға көз жүгіртсек.

«Релакс» демалыс орны отбасымен бірге демалуға арналған. Тыныштықты сүйетін жандар үшін таптырмас орын. Екі орындық стандартты бөлме 8000-10000 теңге аралығында. Мұнда балаларға арналған ойын алаңы да бар. Асыңызды өзіңіз дайындауға мүмкіндік қарастырылған.

«Досжан» курорттық аймағындағы демалыс «Релакстан» біршама қымбатқа түседі. Мұндағы эконом кластағы төрт адамдық бөлме 21 мың теңге болса, люкс санатындағы бөлме 32 мың тұрады. Сәйкесінше, мұнда көрсетілетін қызмет те жоғары болмақ. «Досжан» отбасылық пансионатының тағы бір артықшылығы мұнда демалушыларға таңғы ас ұсынылады.

«Жемчужина» қонақ үй кешенінде демалушылар үшін VIP үйлерді ұсынады. Мұнда таңғы және түскі ас қарастарылған. Бір үйдің бағасы тәулігіне 45 мың теңге көлемінде.

Сонымен, Балқаш жағалауында демалу үшін 1 адамға кететін қаражатты санасақ. Жол ақы – 4000 теңге. Жатын орын – 15000, ас-ауқат 6000, қосымша қызметтер 5000 теңге. Жалпы алғанда, Балқаш жағалауында демалу үшін бір адамға күніне 30 мың теңге қажет. Бұл орташа баға.

автор: Жібек МҰҚАШЕВА

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

Kazakhstan Global Investment Roundtable: Қазақстан әлемдік БАҚ назарында

Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Kazakhstan Global Investment Roundtable аясында ұйымдастырылған іс-шарада шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесті. Бұл туралы...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img