Воскресенье, 24 ноября, 2024
No menu items!

Талдықорғанда жастарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Басқа ақпараттар

Талдықорған қаласындағы Жастарға қызмет көрсету орталығында дәстүрлі бос жұмыс орындар жәрмеңкесі мен мемлекеттік бағдарламаларға арналған ашық есік күні өтті.

Шара барысында облыстық жастарға қызмет көрсету орталығының мамандары бос жұмыс орындарын ұсынып, Серпін -2050, Техникалық және кәсіптік білім беру, Дипломмен ауылға және Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламалары туралы толық ақпарат берді.

Жәрмеңкеге ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті, Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы сынды мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар қатысты. Жұмыс беруші мекемелерден 320 бос жұмыс орындарына сұраныс түсті. Олардың қатарында дәрігер, зертханашы, психолог, бухгалтер, офис-менеджер, ағылшын тілінің мұғалімі сынды мамандықтарға тапсырыс берілді.

Шара соңында жұмыс ізедеген 15 азамат жолдама алды.  Ұйымдастырушылар алдағы уақытта олар тұрақты жұмысқа орналасады деген сенімде.

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

Kazakhstan Global Investment Roundtable: Қазақстан әлемдік БАҚ назарында

Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Kazakhstan Global Investment Roundtable аясында ұйымдастырылған іс-шарада шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесті. Бұл туралы...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img