Суббота, 23 ноября, 2024
No menu items!

Алматы облысы ауыз сумен қамту мәселесі бойынша бірінші орында

Басқа ақпараттар

Жетісу өзен мен көлге бай өлке болғандықтан, ауыз су мәселесі мұнда алғашқы орында. Сондықтан, барлық ауданды 100% ауыз суымен қамту 2020 жылға жоспарланған. Бұл туралы Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында белгілі болды.

Облыстың 622 елді мекені 83,9% орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесімен қамтылған,

2017 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында сумен жабдықтау саласы бойынша 4 жаңа жоба іске асырылуда. Оның екеуі  Ақсу , Кербұлақ аудандарында және 2 жоба Талдықорған қаласында.

«Республика бойынша Алматы облысы ауыз сумен қамту бойынша бірінші орынды алып отыр. Көрсеткішке сүйенсек 83,7%.  Ауыз сумен қамтуда кәріз жүйесі үлкен рөл алады. Кәріз жүйесі облысымыздың 58 елді мекенінде бар. Қапшағай қаласындағы кәріз-тазарту имаратының құрылысы қайта жаңғырту бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Қапшағай қаласындағы кәріз-тазарту құрылысы қайта жаңғырту бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Жобаны іске асыру үшін жеке меншік капитал тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде», — деді Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қанағатов Әсет.

Қорытындылай келе жылдың соңына дейін облыстың 18 ауылдық елді мекеніне орталықтандырылған ауыз сумен қамту мәселесі қарастырылған. Олардың сумен жабдықтау жүйелерінің үлесі 86,4% немесе 640 елді мекенді құрайды.

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

Kazakhstan Global Investment Roundtable: Қазақстан әлемдік БАҚ назарында

Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Kazakhstan Global Investment Roundtable аясында ұйымдастырылған іс-шарада шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесті. Бұл туралы...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img