Суббота, 23 ноября, 2024
No menu items!

Латын әліпбиіне көшудің дайындық барысы айтылды

Басқа ақпараттар

Талдықорған қаласындағы Тіл сарайында «Латын əліпбиіне көшу: дайындық барысы» атты республикалық семинар-кеңес өтуде.

Шараға қазақ жазуын латын графикасы негізінде жаңа ұлттық əліпбиге көшіру жөніндегі жұмыс тобының мүшелері қатысуда. Бұл топ Қазақстан Республикасы президенті жанындағы қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі Ұлттық комиссияға қарасты.

«Əліпбиді ауыстыру ең алдымен тілдік қажеттілік. Сосын еліміздің болашағы үшін жасалған тың қадам», — дейді жұмыс тобының мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор Ерден Қажыбек.

Семинарда əліпби реформасы тағы да халықтың бейғам тіршілігіне кері ықпал етпей ме деген күдік-күмəннің күрмеуін шешу мақсат етіліп, түрлі пікірлер ортаға салынуда. Десе де, əліпби ауыстыруға деген ел ынтасы да, ғалымдарымыздың ізденісі де жоғары.

«Қазірдің өзінде Ұлттық комиссияға латын əліпбиіне қатысты 100 жоба түсті. Соның ішіндегі халыққа үйлесімді бір нұсқаны таңдап аламыз», — дейді профессор Ə. Жүнісбек. Сонымен қатар, кеңес барысында профессор Құралай Күдеринова, саясаттанушы Дос Көшім мен Айдос Сарым, филология ғылымдарының докторы Ғарифолла Есімнің(Әнес) ой-пікірлері көпшілікке жетті.

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

Kazakhstan Global Investment Roundtable: Қазақстан әлемдік БАҚ назарында

Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Kazakhstan Global Investment Roundtable аясында ұйымдастырылған іс-шарада шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесті. Бұл туралы...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img