Суббота, 19 апреля, 2025
No menu items!

Алматы облысының «Алтын Орда» базары маңындағы 3,8 шақырымдық жол кеңейтіледі

Басқа ақпараттар

«Бішкек» автожолының 786-790 шақырымы учаскесін, яғни «Алтын Орда» базары маңындағы 3,8 шақырымдық жол кеңейтілетін болады.

Осы маңдағы көлік кептелісін шешу үшін облыс әкімдігінің ұсынысымен үкімет тарапынан қолдау тапқан ауқымды жоба биылғы жылы жүзеге асырыла бастайды. Күрделі жөндеу барысында жол үсті көпірлері мен жол бұрылыстары да қарастырылмақ. Бұл туралы кеше журналистерге берген сұхбатында облыс әкімінің орынбасары Айдарбек Байжанов айтты.

«КазАвтоЖол» мекемесінің Алматы облыстық филиалы директорының орынбасары Нұрхат Ақылтаевтың айтуынша, «Алтын Орда» базары маңындағы автожол арқылы тәулігіне 50 мың автокөлік жүреді. Мұндағы кептіліс мәселесін шешу мақсатында аталмыш жолдың 16-19 шақырымдары аралығы 8 және 10 жолақты болмақ.

Оның екі жолағы транзиттік көліктерге арналса, екі жолағы жергілікті маңға жүретін көліктерге, ал бір жолағы автобусқа, яғни қоғамдық көлікке арналады. 16-шы шақырымда бұрылыс эстакадасы қарастырылады.

Соңғы жарияланымдар

Алматыда Жайдарман ойындарының «Креатив маусымы» басталды

Ағымдағы жылдың 25 наурыз күні әсем қаламызда «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ еліміздің танымал жайдарман топтары арасында арнайы Республикалық Алматы...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз