Суббота, 23 ноября, 2024
No menu items!

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жолында

Басқа ақпараттар

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың төрағалығымен өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру мәселелері тақырыбында өткізген жиынында талқыланған мәселелерге қатысты жұмыстарды жүйелеп алу мақсатында аудан және қала әкімдерімен қатар облыстық басқармалар мен департаменттердің басшыларын шақырып, жиын өткізді.

Жиын барысында облыс әкімі Амандық Баталов шақырылған азаматтарға бірнеше тапсырма берді.

— Биылғы жылдың өткен 7 айының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы шығарылды. Біздің алдымызда бірнеше маңызды тапсырмалар тұр. Мемлекеттік «Нұрлы жер» және «Нұрлы жол» бағдарламаларының орындалуы Елбасының ерекше бақылауында. Сол себепті, осы және өзге де бағыттар бойынша жұмыстарды қарқынды жүргізу қажет. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмдерін қолдану мәселелесіндегі, соның ішінде денсаулық сақтау саласында осы механизмді қолдануда белсенді жұмыстар жүргізуіміз керек. Өңірге инвестиция тарту да ерекше назарда. Сондықтан да, аудан, қала әкімдері мен басқарма және департамент басшыларына осы аталған тапсырмаларды орындауда үлкен жауапкершілік танытуын сұраймын. Аталған бағыттардың орындалуы әрбіріңіздің атқарған жұмыстарыңыздың айқын көрсеткіші болып табылады, — деді өңір басшысы.

Жиын барысында облыс әкімі «Рухани жаңғыру» бағдарламасын орындауға ерекше назар аудару қажеттігін де атап өтті.

Амандық Ғаббасұлы облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы мен осы салаға жетекшілік ететін әкім орынбасарына:

— Облыста «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бағытындағы қолға алынған жұмыстарды күшейту қажет. Бізде көп мүмкіншіліктер бар, алайда белсенділік таныту жағы ақсап тұр. Істеліп жатқан жұмыстарыңызда нақтылық байқалмайды. Жаңаша көзқараспен қарап, тиісти шаралар қабылдаңыздар, — дей келе, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында арнайы ашылған Талдықорған қаласындағы облыстық жобалық кеңсе жұмысын қайта қарап шығуды тапсырды.

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

Kazakhstan Global Investment Roundtable: Қазақстан әлемдік БАҚ назарында

Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Kazakhstan Global Investment Roundtable аясында ұйымдастырылған іс-шарада шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесті. Бұл туралы...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img