Четверг, 21 ноября, 2024
No menu items!

Ғылым-білім ордасы

Басқа ақпараттар

І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті – жер жаннаты Жетісу өлкесіндегі алғашқы, республикадағы 50-ші жоғары оқу орны ретінде 1972 жылғы 25 қазанда Қазақстан КП Орталық комитеті мен Қазақ КСР Министрлер кеңесінің қаулысымен құрылған Талдықорған педагогикалық институтының құқықтық мирасқоры. 1977 жылы институтқа қазақ поэзиясының құлагері Ілияс Жансүгіровтің есімі берілген.

Кейіннен 1994 жылдың маусымынан бастап институт ҚР Министрлер кабинетінің № 584 қаулысына сәйкес І. Жансүгіров атындағы Талдықорған университеті болып қайта құрылады. Ал 1999 жылдың 21 сәуіріндегі ҚР Үкіметінің № 441  қаулысына сәйкес оқу орны І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті болып қайта аталды. Бүгінде университет Қазақстанның, ТМД елдерінің алдыңғы қатарлы ЖОО-мен халықаралық байланыстарын кеңейткен Алматы облысының ірі ғылыми, мәдени, білім беру орталығы, сондай-ақ, Еуразиялық университеттер ассоциациясы мен Университеттердің Ұлы Хартиясының беделді мүшесі.

Қазіргі таңда университет құрылымында физика-математика, педагогика және психология, жаратылыстану-техникалық, мәдениет және өнер, гуманитарлық, құқық және экономика атты 6 факультет бар. Сонымен қатар, қашықтықтан оқыту факультеті, Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы және әскери кафедра бар. Оған қоса, студенттердің рухани ой-өрісінің дамуына жағдай жасалған Ғали Орманов атындағы кітапхана жұмыс істейді. Бұл кітапханада қазіргі кезде әлемдік және отандық кітаптардың мол қоры және де әртүрлі ғылым салалары туралы жазылған оқулықтар бар. Тағы бір айта кететіні, барлық факультеттердің қызметіне оқушылардың белсенді өзіндік жұмысына жағдай жасайтын, жеке білім траекториясын, ұтқырлықты, бакалаврлар мен магистранттардың академиялық еркіндігінің үлкен дәрежесін таңдауды қамтамасыз ететін, білім беру жөніндегі құжатты әлемдік білім беру кеңістігінде  мойындатуға мүмкіндік беретін оқытудың кредиттік жүйесі енгізілген. Жалпы, кредиттік жүйе студенттердің алған білімін шығармашылықпен ұштастыруға бағытталған білім беру технологиясы болып табылады. Университеттің бұл жүйемен білім беруі білікті маман даярлаудың және әлемдік өркениеттегі білім берумен теңесудің кепілі болып табылады.

Қорыта айтқанда, Жетісу мемлекеттік университеті – Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық деңгейінің өсуіне, құқықтық базасының нығаюына, техникалық саласының дамуына білікті де білімді мамандар даярлау арқылы өзінің қомақты үлесін қосып отырған еліміздегі беделді жоғары оқу орындарының бірі.

Сөз соңында барлық қызметкерлерді, ұстаздар қауымын, білімгерлерді оқу ордасының биыл аталып өткелі жатқан 45 жылдық мерейлі мерекесімен құттықтай отырып, болашақта университеттің әлі талай ғылымның шыңынан көрініп, еңбектері жемісті, бәсекеге қабілетті және білікті болатынына сенім артамыз.

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

Kazakhstan Global Investment Roundtable: Қазақстан әлемдік БАҚ назарында

Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Kazakhstan Global Investment Roundtable аясында ұйымдастырылған іс-шарада шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесті. Бұл туралы...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img