Пятница, 22 ноября, 2024
No menu items!

Астана заманауи өнер орталығы қайта ашылды

Басқа ақпараттар

«ЭКСПО-2017» көрмесі уақытында келушілердің көңілінен шыққан, қонақтардың қызығушылығын оятқан  Астана Замануи Өнер Орталығы — Astana Contemporary Art Center қайта ашылды. Орталықтың көрмелік және білім беру бағдарламасы заманауи өнер саласындағы жаңа идеялар, жанрлар мен дискурстарды зерттеуге арналған.

Аталмыш орталық заманауи өнер көрмелерін, қазақстандық жетекші мамандардың қатысуымен дәрістер сериясын, балалар мен отбасылық білім беру бағдарламасын, шығармашылық шеберлік сабақтарын, кітапханалық фонд пен экскурсиялар, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған іс-шаралардың бірегей инклюзивті бағдарламасын ұсынады.

Astana Contemporary Art Center бірінші қабатта «Гараж» Заманауи өнер мұражайымен бірлесіп әзірленген көрме бағдарламасын ұсынады. Бағдарламаның визуалды бөлігі — Юрий Пальминның фотосуреттерінің көрмесі: кеңес дәуірінің сәулет ескерткіштерін құжаттайтын масштабты суреттер. Сонымен қатар, ЗИП Арт-тобының «Утопиялық сүлде» инсталляциясы ұсынылған. Бұл инсталляция Юрий Пальминның суреттері мен Николай Малинин және Анна Броновицкаяның зерттеулерімен терең ұштасуда. Кешегі Алма-Атаға деген сағынышпен ұштасқан бұл жоба қаланың сәулетіне және оның артефактарына назар аудара отырып, даму үдерісіндегі утопиялық модельдер «сүлдемізден» құралған өздігіндік мұражай құрайды.

Екінші қабат кеңістігі эксперименталды формат шығармашылық лабораториясына ұсынылған. Бұл кеңістікте бірнеше апталар бойы ойлар, шабыт, семантика, үдеріс, тәжірибе, үміт пен сезім тақырыптарында нысандар, перформанстар, аудио және видео инсталляциялар жасалады. Алима Боранбаеваның жетекшілігімен #52КүнненКейін көрме вернисажы өтті. 10 ақпанға дейін жалғасатын бұл көрмеге  15-тен астам суретшілер, сәулетшілер, философтар мен антропологтардың қатысады.

«Өнер Орталығы Астана ЭКСПО-2017 Көрмесі мұраларының бірі болып табылатынын атап өту маңызды, сондықтан біздің мақсатымыз тек көрмеге келушілердің қызығушылығын тудыратын іс-шараларды әзірлеу емес, сондай-ақ біз құрған инфрақұрылымдық кеңістік негізінде өз жұмысын одан әрі жалғастырып жатқан заманауи мәдениет пен өнер орталығының тұжырымдамасын ойластыру болды»,- деп атап өтті «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АО Контент және іс-шаралар ұйымдастыру департаментінің директоры Марат Омаров.

Сөз соңында айта кетейік, көрме орталығы күнделікті сағат 10:00 — 20:00 аралығында жұмыс істейді. Күйбең тіршіліктен бөлек әлемде рухани демалыс үшін баруға кеңес береміз:)

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

Kazakhstan Global Investment Roundtable: Қазақстан әлемдік БАҚ назарында

Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Kazakhstan Global Investment Roundtable аясында ұйымдастырылған іс-шарада шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесті. Бұл туралы...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img