Четверг, 21 ноября, 2024
No menu items!

«Рух» халықаралық әдеби байқауының жеңімпаздары марапатталды

Басқа ақпараттар

ҚР Президенті Әкімшілігі мен Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған І «Рух» халықаралық әдеби байқауы өз мәресіне жетті.

Соған орай Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде аталмыш байқаудың жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау кеші және оларға арналған мерекелік концерт  өтті. Жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Төлен Әбдік басшылық еткен 19 ақын-жазушы, әдебиет сыншысы және әдебиеттанушылардан құралған әділ қазылар алқасы байқау шығармаларын сараптап, қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде келіп түскен 899 туындыны іріктеп алған болатын. Оның ішінде қазақ тілінде 403, орыс тілінде 493 және ағылшын тілінде 3 туынды сарапталды. Әділ қазылардың шешімімен анықталған байқау жеңімпаздарының қатары мынадай:

Проза: роман, повесть аталымы бойынша:

1-орын– Ырысбек Дәбейұлы,  «Жылқы атылған жаз» (роман), Алматы

Гран-при –Тынымбай Нұрмағамбетов, «Рухтар жерден кетеді» (роман), Алматы

Проза: әңгіме, эссе аталымы бойынша:

1-орын– Ұларбек Нұрғалым, Дайағашшы (эссе), Астана

Гран-при –Несіпбек Дәутайұлы, «Тағдыр» (әңгіме) Жамбыл обл.

Поэзия: поэма аталымы бойынша:

1-орын– Несіпбек Айтұлы, Астана қ. «Жаңғыру жыры» (поэма)

Гран-при –Бақыт Беделхан, Алматы қ. «Рух жыры» (поэма)

Поэзия: өлеңдер жинағы аталымы бойынша:

1-орын – Рауза Хузахметова, Татарстан республикасы, «Рубаи»

Гран-при – Ықылас Ожайұлы, Астана қ. «Құдайға да қарайтындай қасқайып»

Үздік драматургия аталымы бойынша:

1-орын – Ардақ Нұрғазы, Алматы қ. «Мен, мен ешкім де емеспін» (пьеса)

 Гран-при –Серік Асылбекұлы, Алматы қ. «Қазақша ашылып сайрау» (комедия)

Әдеби сын аталымы бойынша:

 1-орын –Бекзат Смадияр, Алматы қ. «Маркестің қара қолғабы»

 Гран-при –Амангелді Кеңшілікұлы, Астана қ. «Тұрақсыз әлемнің суреткері»

Балаларға арналған поэзия аталымы бойынша:

1-орын –Құл-Керім Елемес, Алматы қ. «Балапаным, аузыңды аш…»

 Гран-при– Серікбол Хасан, Алматы қ. «,Қасиетті Қазақстан»

Балалар прозасы аталымы бойынша:

1-орын – Лиля Калаус, Алматы қ. «Зов солнца»

Гран-при– Айсұлу Алмаш, Астана қ. «Құрбы қыздар құпиясы».

Еске сала кетсек, поэзия: өлеңдер жинағы аталымына «Құдайға да қарайтындай қасқайып» атты шығармасымен қатысып, Гран-при иегері атанған Ықылас Ожайұлы – Журналистика және саясаттану факультетінің оқытушысы.

Сондай-ақ әр аталым бойынша 1 орын алған жеңімпазға 1 000 000 теңге, Гран-при иегерлеріне 2 000 000 теңге көлеміндегі сыйақылар табысталды. Аталмыш байқауға қатыстырылған шығармалар осы кезге дейін «Әдебиет порталында» жарияланып, оқырмандар дауыс беріп келген болатын.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бас ғимаратында өткен марапаттау кешінде әділ қазылар алқасы кезек-кезек сөз сөйлеп, жеңімпаздарға арнайы сыйақылары мен дипломдарын табыс етті.

Сонымен қатар кеш барысында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Секен Тұрысбеков, Алтынай Жорабаева, Ардақ Балажанова, Досымжан Таңатаров, Айбек Бекбосын сынды өнер жұлдыздары ән мен күйден шашу шашты.

Бұл байқау біздің әдебиетсүйер қауымға үлкен серпін беріп, қанаттандырды деген ойдамыз.

Әсем Құлманова,

Журналистика және саясаттану факультетінің 3-курс студенті

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

Kazakhstan Global Investment Roundtable: Қазақстан әлемдік БАҚ назарында

Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Kazakhstan Global Investment Roundtable аясында ұйымдастырылған іс-шарада шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесті. Бұл туралы...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img